Қоғам • 16 Қазан, 2020

«Ауырмау» тапсырмасы – мамандар психикалық сарқылудан сақ болуға кеңес береді

422 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Бізге абырой әпермесе де айтайық, ТМД елдері ішінде Қазақстан – COVID-19-ға байланысты алаңдаушылық индексі ең төмен ел. Сарапшылардың айтуынша, адамдарымыз коронавирус туралы аз сөйлесетін, тыңдамауға тырысатын, өте аз оқитын көрінеді. Пси­хо­лог­тер мұны «психикалық сарқылу» деп атайды. Алайда қайта бас­та­лу ықтималдылығы жоғары індеттің екінші толқыны келе қалған жағдайда өз ресурстарымызды қалай қалпына келтіре аламыз?

«Ауырмау» тапсырмасы – мамандар психикалық сарқылудан сақ болуға кеңес береді

Бұл туралы Алматы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының пси­хологі Гүлнара Дощанова әңгі­мелейді. Алдымен Гүлнара Ха­ли­дин­қызының еліміздің жетекші меди­ци­налық мекемелерінде 27 жылдық клиникалық тәжірибесі бар екенін алға тарта кетейік. Әрі карантин кезе­ңін­де «қызыл аймақта» науқастар мен дәрігерлерге көмек­тес­кен еңбегі бар. Осы арада пси­хо­лог-дәрігерге қойылған сауал­дар қоғамға ортақ, жиі қоятын сауал­дардың жиынтығы деуге бола­ды.

– Адамдар қазір бастан кешіп отырған жағдай – апатия мен ашу­дың қоспасы. Коронавирус тақы­рыбы ауызекі әңгімеден біртін­деп жоғалып келе жатыр. Қауіп үйреншікті жағдайға айналған сияқ­ты, енді оған қатысты қандай да бір әрекет етуге күш қалмады. Шын мәнінде, ұзақмерзімді торығу бізді сарқылуға әкеледі. Талай адам психологиялық тұр­ғы­д­ан күйіп кетті, сондықтан апа­тияға ұшырайды. Біз­дің ашуымыз көбінесе «бұл бәле қашан аяқталады?» деген сұрақтан көрініс табады. Бірақ бәрі қалыпты жағдай. Ең бастысы – қорықпау және үрейленбеу. Меніңше, жағдайдың бірінші толқын кезіндегіден қиын болуы екіталай, сондықтан көп уайым­даудың қажеті жоқ. Ол кезде бәріміз бұған экономикалық, медициналық тұрғыдан дайын болмадық. Ал енді бізде тәжірибе бар, яғни екінші толқын салыс­­тыр­малы түрде жеңілірек өтуі керек. Қазір мен сізге өзіңіз әсер ете алатын, басқара алатын әрі шеше алатын мәселені ғана таңдап, қал­ған нәрсенің бәрін ұшақтағыдай жі­бе­ру­ге кеңес беремін, – дейді дәрігер.

– Мұның бәріне төзу үшін психологиялық ресурстарымыз бар ма, оны қалай және немен жігер­лендіру керек?

– Коронавирустан қорқуды толығымен жеңу әлдекімнің қолынан келетіні екіталай. Бұл қажет те емес. Өйткені бұл адамды карантиндік шараларға немқұрайлы қарауға және ол өз кезегінде ауру қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Біздің қолымыздан келетін ең жақсы нәрсе – сабыр сақтау мен барлық сақтық шараларын орындау. Қазіргі жағдайда инфекциядан қорқу қалыпты жағдай. Сондықтан онымен күресудің мәні жоқ. Ең бастысы, оның фобияға айналуына жол бермеу.

– Сіз «қызыл аймақта» жұмыс істедіңіз, пациенттер сізге қандай сұрақтар қойды және оларға қалай көмектестіңіз?

– Мен 3 айға жуық «қызыл аймақта» вирус жұқтырған нау­қас­тармен жұмыс істедім. Нау­қас­тардың көп­шіл­ігін мазасыздық, дүрбелең, өлім қорқынышы, ешқашан емделмеу үрейі мазалады. Оларда өздерін басқара алмау және дәрменсіздік сезімдері болды, тыныс алудағы қиын­дықтарды сезінді. Бұл олар үшін өте қорқынышты болды. Олармен үнемі әңгімесіп, консуль­тация­лар бердім. Қорқыныш дең­гейін төмендету бо­­­­­йынша психо­кор­рекциялық жұмыс жүргіздім, суицидтік мінез-құлық қаупін жойдым. Иә, мұндай да науқастар болды.

– Ковид шынында да психи­каға әсер ете ме?

– Иә, өкінішке қарай, ковид адамдардың психикасына әсер етті. Бұл әсіресе ауыр сырқаттанған нау­қастарда айқын байқалды. Маза­сыз­дық, торығу, күйзеліс, тіпті суицид инфекцияның жаңа «жанама әсерлеріне» айналды. Сонымен қатар «сынған жүрек синдромы» немесе стрестік кардиомиопатия деп аталатын сирек кездесетін ауру­­дың танымалдылығы артып келеді. Атал­ған синдром кезінде сол жақ қарыншаның алдың­ғы қабырғасының миокард инфарктісіне тән ЭКГ-нің өзгеруімен қатар жүретін жүрек жет­кі­­ліксіздігінің немесе кеуде қуы­­сының ауырсынуы орын алады.

– Неліктен адамдардың көп­шілігіне оқшаулау мен карантин мораль­дық тұрғыдан өте қиын тиді?

– 2020 жыл – сенімсіздік пен үлкен алаңдаушылық жылы. Наурыз айының соңында бүкіл әлемде алғаш рет өзін-өзі оқшаулау режімі енгізілді. 3 айға жуық біздің әдеттегі қалыпты өміріміз тоқтап қалды, жұмыс пен оқу онлайн режіміне ауыстырылды, достармен және туыстармен кездесулер тек бейне­байланыс арқылы мүмкін болды. Біз өзімізді коронавирустан құт­қару үшін оқшауландық. Бірақ өзімізді өзімізден құтқара алдық па? Көпшілік оқшаулануға төзбеді. Сондықтан адамдар күйзеліске жиі беріле бастады. Мазасыздық пен дүрлігу күшейіп, «паранойя» деңгейі жоғарылап, анық ойлау қабілеті төмендеді.

Оқшаулау кезінде көбіне болып жатқан оқиғалардағы түсініксіздік, нақты нұсқаулардың болмауы және әртүрлі дереккөзден дәйексіз ақпарат алу салдары өте жағымсыз әсер етті.

– Сіз тәжірибелі психолог ретінде «Пандемия кезінде адам­дар не іс­теу керек?» деген нұс­қау­лық бере аласыз ба?

– Үрейленбеңіз! Ақпарат көз­де­рін бақылаңыз. Оның әсер етуіне жол бермеңіз. Өзіңіз үшін улы емес, пайдалы болатын ақпараттың оңтайлы мөлшерін анықтаңыз. Адамдар карантин мен аурудан мықты болуы керек. «Ауырмау» тапсырмасынан басқа, сіз өз өміріңізді жаңа форматта қалай ұйымдастыруға болатынын ойлауыңыз керек. Ауру – шкафтағы сөре ғана, тұтас шкафтың өзі емес. Ауру – мен емес, ауру менде бар. Ауырып қаламын деген уа­­­йым немесе онсыз да жайылған вирус сіздің толық тұлғаңызды қамтып алмауы маңызды. Карантиннен басқа өмірде не бар? Вирус басқаның бәрін жоқ қылмайды. Адамда үміт, сенім, рақат, өнер, сұлулық, бауыр­мал­дық пен шығармашылық бар.

Қирандыларды қайта құру, өмірді ұйымдастыру маңызды. Күнделікті тұрақты әрекеттер тұ­рақ­тылықты сақтауға көмек­те­се­ді. Егер бұрын ұйымдар, мектептер, университеттер, жұмыс өмір құрылымын құрған болса, енді сіз өз өміріңізді «өз бетіңізше» құруға тиіссіз.

Өзгеретін жағдайларға бейім­де­лу керек. Есіңізде болсын, егер жаңбыр жауса, онда сіз қолшатыр алып, одан әрі өз кәсібіңізбен айналысуыңыз керек. Үмітсіздік пен жағымсыз жағ­дай­лар­ға берілудің қажеті жоқ. Өзіңізді жақсылыққа баулып, өмірге оң көз­қараспен қарауға тырысыңыз. Есіңізде болсын, біз бұған дейін де көп нәрсені бастан өткердік, бұл да өтеді. Өмір өзгерістерден тұрады. Ал біздің тұрақтылыққа деген махаббатымыз адамды жал­қау қылады. Сондықтан жаңа мәселелермен бірге жаңа міндеттер, мүмкіндіктер мен шешімдер келеді. «Мен неге әсер ете аламын, не істей алмаймын?» деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Егер сіз жағдайды өзгерте алсаңыз, әрекет етіңіз, өзгерте алмасаңыз, бақылаңыз. Ең бастысын есте ұста­ңыз, пандемия өтеді және онымен байланысты дүрбелең де өтеді. Егер сіз оған мойынсұнбасаңыз және бәрін дұрыс жасасаңыз, ешкім зардап шекпейді. Карантин аяқталғаннан кейін қиын жағдайдың сізге күш бергенін түсінесіз. Өзіңізге мұқият болыңыз, қауіпсіздік шараларын ұстаныңыз, бәрі жақсы болады.

 

АЛМАТЫ