Оқиға • 16 Қазан, 2020

Мүлкіңізге мұқият болыңыз

4546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай ауданының полицейлері Kaspi Gold картасынан ақша қаражаты ұрлығын ашты.

Мүлкіңізге мұқият болыңыз

Осы жылдың 11 қаза­нында Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучье қаласының тұрғыны өтініш­пен жүгінген. Ол өзінің Kaspi Gold картасында ақша қаражатының жоғал­ғанын анықтаған. Ұялы теле­фонында Kaspi.kz қосым­шасы орнатылған. Кар­тасынан 40 мың тең­ге ақша қаражаты ауда­рылған. Жедел-іздес­тіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Щучинск қаласының 25 жастағы тұр­ғыны – ер адамды анықтап, ұстады. Ол Щучинск қала­сында пәтерде, өзінің танысы пәтер иесінің салғырт­тығын пайдаланып, оның телефонына қандай пороль тергенін көріп, онда орна­ласқан қосымша арқы­лы өзінің шешесінің картасына ақша аударған.

Күдіктіге қатысты Қазақ­станның ҚК 188-бабы «Ұр­лық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, процестік мәжбүрлеу шарасы – «Келу міндеті». Осындай жағдайларды болдырмау және ақшаңызды сақтап қалу үшін құқық қорғау органдары мүлкіңізге мұқият болуды, сенімді пароль орнатуды, сондай-ақ оны айына кемінде бір рет ауыс­тырып отыруды ұсынады.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20