Елорда • 16 Қазан, 2020

Елордада 8 жылдан бері құрылысы бітпеген үй биыл пайдалануға беріледі

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жағалау-3" тұрғын үй кешенінің 30-шы блогында қасбеттік жұмыс аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 8 жылдан бері құрылысы бітпеген үй биыл пайдалануға беріледі

«8 жылдық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесулер барысында кезең-кезеңмен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда.

Қасбеттік бөлік бойынша жұмыстар аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істейміз. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, олар бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жағалау-3» 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы ала алады.

Сонымен қатар, «Жағалау-3» 28 және 29 блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз.

Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау – оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз», – деп жазды Алтай Көлгінов.