Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Ақ орамалды аналар акциясы өтті

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде "Бойтұмар-Ханым" қоғамдық қоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және облыстық іскер әйелдер қауымдастығының  ұйымдастыруымен "Ақ орамал – ізеттіліктің, инабаттылықтың белгісі" акциясы болып өтті. Акцияға "Бастаңғы" әжелер ансамблі, этномәдени бірлестіктің мүшелері,  облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақ орамалды аналар акциясы өтті

Тағылымы мол акция Достық үйінің фойесінде Тасбөгет кентіндегі Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінің "Бастаңғы" әжелер ансамблінің ән-шашуымен бастау алды. "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының белсенді мүшесі Константин Луца "Ана туралы жыр" әнін ақ жаулықты аналарға арнады.

Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі 2014 жылы құрылған. Құрылған күннен бастап кеңес мүшелері отбасы мәртебесін көтеруге, шаңырақ құндылықтарын дәріптеуге, ұрпақ тәрбиесіне байланысты көптеген іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Облыс бойынша 118 аналар кеңесі жұмыс жасайды.  

Қатысушылар Аналар кеңесінің атқарған жұмыстарымен танысып, суреттер көрмесін тамашалады.

"Бойтұмар-Ханым" қоғамдық қорының төрайымы, Аналар кеңесінің мүшесі Рахима Ахметова қатысушыларға алғысын білдіре отырып, ананың қоғамдағы рөлі, "Ақ орамал" жобасының маңыздылығына тоқталып өтті.  

Акция аясында «Бауырсақ party» ұйымдастырылды. Акцияға қатысушылар облыстық балалар ауруханасының ауласына 300-ге жуық Сыр талы мен жеміс ағаштарын екті.