Қазақстан • 16 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 132 жолаушы стационарға жатқызылды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанға бүгін түнде ұшып келген ПТР анықтамасы жоқ 132 жолаушы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанға ұшып келген 132 жолаушы стационарға жатқызылды

Әуежайға шетелден 5 ұшақ келіп қонды. Халықаралық рейстерді Air Astana, Turkish Airlines және FlyDubai әуе компаниялары орындаған.

"Жолаушылардың жалпы саны 573.  Басым бөлігінде ПТР-тест анықтамасы бар және нәтижелері теріс. Сондықтан үйлеріне қайтарылды", делінген хабарламада.

Ал 132 жолаушы карантиндік стационарға жіберілген. Олардан алдағы уақытта тест сынамалары алынуы тиіс.

Айта кетейік, Ыстамбұлдан мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген Түркия азаматы мен Ресейдің үш азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.