Қоғам • 16 Қазан, 2020

Ақтөбеде тәртіп сақшысы “Халық алғысы” медалімен марапатталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында полиция қызметкері “Халық алғысы” медалімен марапатталды, – деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде тәртіп сақшысы “Халық алғысы” медалімен марапатталды

Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 50 күн бойы  магистральдық карантиндік блок-бекетте түрлі әлеуметтік қызметтердің жұмысын ұйымдастырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезіндегі ерекше еңбегі үшін Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Вячеслав Бикмуханов марапатталды.

Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бері қызмет атқаратын Вячеслав Омарұлы бұл медальді бекетте қызмет еткен барлық қызметкердің еңбегінің нәтижесі деп санайды.