Функцияны пайдалану үшін Google қосымшасының соңғы нұсқасын немесе Google Search виджетін ашу керек.
Одан соң микрофон белгісін түртіп, "бұл қай ән?" деп айтып, әнді немесе әуенді 10-15 секунд бойы дыбыстау қажет. Әнді немесе әуенді айтқан кезде Google бірнеше ән нұсқаларын ұсынады. Қазіргі уақытта функция iOS және Android операциялық жүйелерінде қолжетімді.