«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру» бағдарламасы аясында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84,0 млн теңге қаражат қаралған. Күрделі жөндеу құрылыс жұмыстарын "Астана- көктем С" ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтамасыз етіледі. Солардың ішінен аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
Айта кетейік, ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 шаршы метр, ал тұрғын-үйдің алаңы – 367,8 шаршы метрді құрайды.
Түркістан облысы