15 Қараша, 2013

Баспанамен қамтамасыз ету – басты міндет

541 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жақында өңірлерге жұмыс сапарымен барып қайтты, сапар барысында Павлодар облысының әкімімен және Қарағанды қаласының басшыларымен өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, А. Жұмағұлов нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен және банктің Қарағанды филиалының ұжымымен танысты. Сапар кезінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа басшысы журналистердің бірқатар сұрақтарына, соның ішінде «ыңғайсыз» және «өткір» сауалдарға жауап берді.

– Айбатыр Нышанбайұлы, банктің топ-менежджерлері мен олардың туыстары заңды айналып өтіп алған пәтерлер төңі­регіндегі дау-дамайға қан­дай түсінік бересіз?

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жақында өңірлерге жұмыс сапарымен барып қайтты, сапар барысында Павлодар облысының әкімімен және Қарағанды қаласының басшыларымен өзара әріптестік мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, А. Жұмағұлов нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен және банктің Қарағанды филиалының ұжымымен танысты. Сапар кезінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа басшысы журналистердің бірқатар сұрақтарына, соның ішінде «ыңғайсыз» және «өткір» сауалдарға жауап берді.

– Айбатыр Нышанбайұлы, банктің топ-менежджерлері мен олардың туыстары заңды айналып өтіп алған пәтерлер төңі­регіндегі дау-дамайға қан­дай түсінік бересіз?

– Бұл жағдай халық арасын­да үлкен қоғамдық пікір­талас тудырды. Мұның өзі мемлекеттің және акционер­лердің банк қызметін және түрлі заң бұзушылық жайлы дабылдарды жіті қадағалап отыратындығының дәлелі. Бұл оңды үрдіс – ешкім де қызмет­керлердің клиенттерге және банк беделіне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерін жасырып қалған емес және жасыра алмайды да. Оның бер жағында, біздің клиенттер, негізінен алғанда, бюджет қызметкерлері: мұғалімдер, дәрігерлер, менеджерлер. Елбасы бірқатар тапсырмалар берді, ал «Бәйтерек» холдингінің басшылығы банк қызметінің ашықтығына ба­ғыт­талған нақты шешімдер қабыл­дады. Міне, осының бәрі қазақстандықтар алдындағы жоға­ры жауапкершіліктің көрсеткіші екендігі сөзсіз. Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі әлеуметтік саладағы мемле­кеттік саясаттың маңызды орын­даушыларының бірі болып табылады. Оның қызметі қа­шанда басты назарда болып қала береді.

– Пәтерлерді қайтару тәр­тібі қандай болмақ?

– Ол «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бұрынғы және қазіргі бас­шыла­рының, сондай-ақ, олар­дың отбасы мүшелерінің «Әй­герім» көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді аталған адамдардың, әкімдіктің және банктің арасын­дағы келісім шеңберінде Алма­ты қаласының әкімдігіне өз еріктерімен қайтаруын көздейді. Қазіргі уақытта «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 28 қазандағы тапсырмасына сәйкес пәтерлерді қайтару тәртібі мүдделі тараптармен жан-жақты қарастырылу үстінде.

– Сіз өз еркімен қайтару туралы айтып кеттіңіз, бірақ банк қызметкерлерінің бәрі бірдей үйлерін қайтаруға ке­лі­сім беріп отырған жоқ қой? Олармен мәсе­ле қалай ше­шілмек?

– Шынында да, келіспей­тіндер бар. «Әйгерім» кешенін­дегі пәтерлерді өз еркімен қай­тару мәселесі бойынша келіссөздер барысында тоғыз адамның екеуі пәтерлерді ерікті түрде қайтарудан бас тартып, сот талқысына жүгі­нуге дайын екендіктерін білдірді. Олар келіспеушілігін баспана алу сәтінде өздерінің бағдарламаға қатысуын шектейтін қандай да бір этикалық және басқа да ережелердің болмағандығымен түсіндіреді. Бұған қоса, олар «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағ­дарламасы бойынша өз­дерінің пәтерлерді сатып алу рәсімінің толық кө­лемде сақтағандарын бас­ты желеу етеді. Олардың алын­ған пәтерлерді өз еркімен қай­тарудан бас тартуларына байланысты, мәселе сот тәртібімен шешіледі. Банк сот шешімін басшылыққа алатын болады.

– Сіз мейлінше ашықтық туралы айттыңыз және адамдар банк жұмысын өздігінен қада­ғалап және бағалап отыруы үшін кейбір ішкі жұмыс құжаттарын жариялауға ниетті екендігіңізді білдірдіңіз, бұның бәрі қалай іске асады?

– Банк басшылығының ашық­тықтың және корпо­ра­тивтік бас­қарудың жаңа стандарттарын енгізбек ойы бар. Бұл қазіргі жағдайды жан-жақты зерттеген соң және барлық мүдделі тараптардың пікірлерін есепке ала отырып жасалатын болады. Соның ішінде, бірінші кезек­те, баспана сатып алғысы келетін Қазақстан азаматтарының мүддесі еске­ріледі. Бұл дәл қазір бола қоятын нәрсе емес, себебі, банк қызметі түрлі нормативтік құжаттармен реттелетін күрделі қаржы институты болып табылады. Дегенмен, банк қызметін жетілдіру үрдісі және жалпы алғанда, банктің бүкіл қызметі ашық болады. Тағы бір атап айта кететін жайт: банктің қаншалықты ашық болатыны қазіргі қолданыстағы заңнамаға тәуелді болады.

– Неліктен пәтерлерді бөлу мерзімі кейбір үйлерде сонша созылып кетеді, бұның себебі банктің салымшыларды ұзақ «бағалайтындығында» ма?

– Жоқ. Банктік рәсімдердің өз регламенті бар. Павлодар облысындағы жағдайға түсінік бере кетейін. Мұнда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша тұрғын үй құрылысы 2011 жылы басталған. Осы кезеңде Павлодарда үш тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл – 215 пәтер. Биыл тағы 792 пә­терлік үш үй салынып жатыр. Төрт үй осы жылы пайдалануға беріледі, қалған 396 пәтер келесі жылы салынып бітеді. Жалпы алғанда, өңір бойынша тұрғын үйге сұраныс ұсыныстан әлдеқайда артық, сол себепті біз қосымша қаржыландыру мәселесін қарастыратын боламыз. Және «мерзімдердің созылып кету» мәсе­лесіне оралсақ, құрылыс салу­ға көптеген жайт­тар әсер етеді. Көпшілік жағ­дайда, құрылыс салушы компаниялардың материалдық-техникалық база­сының әлсіз болуы құрылыс мер­зімдерін сақ­тамауға әкеліп соқ­тырады. Әкім­діктер құрылыс барысында ондай құрылыс салушыларды ауыстыруға мәжбүр болады. Адами факторды да ұмытпау керек, Павлодардағы бір үйдің дер кезінде берілмеуіне құрылыс салушы компания директорының кенеттен қайтыс болуы себеп болды.

Тұтас алғанда, біз қазір то­лық түсіністікке қол жеткіздік, серіктестіктің тиімділігін артты­ру әлеуетін белгіледік және жер­­гілікті атқару органдарымен бірлескен жұмыс ендігі жер­де неғұрлым жылдам және тиісінше өнімді бола түседі. Бұдан басқа, біз қала басшылығынан Екібастұзда, Ақсуда және басқа қалаларда құны нарықтағыдан артық емес жаңа үйлер салу мүм­кіндігін қарастыруды өтіндік. Қазақстанның Премьер-Ми­нистрі тек облыс орта­лық­тарында ғана емес, сондай-ақ, еліміздің аудан орталықтарында да тұрғын үйлер салуды тапсырды, ал бұл – біз әкімдіктермен бірлесе отырып жүргізетін аса ауқымды жұмыс.

– Қандай да бір жағымсыз жайттар туындаған кезде, банк жергілікті билікті кінә­лайды, ал әкімдіктер жауап­кершілікті банкке аударады. Түптің түбінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қыз­меткерлерінің пәтер алуына кінәлі кім?

– Біріншіден, біздің банктің бұрынғы басшылығының қыз­метіне де, атқарушы билік орган­дарының қызметіне де баға беру ниетіміз жоқ. Бұл – жаңа басшылықтың және жеке менің ресми ұстанымым. Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі өзінің негізгі міндеті – тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту үшін республиканың барлық өңірлерінде азаматтарға тұрғын үй құрылыс жинақ жү­йесін қолжетімді ету мен жоғары сапалы банктік қызмет көр­сетуді одан әрі қарай жалғастыра береді. Екіншіден, жергілікті атқару орган­дарымен, әкімдіктермен өза­р­­­а әрекеттестікте болмасақ, біз өз жұмысымызды толыққанды жүргізе алмаймыз. Біз бір мін­детті шешеміз: әрбір қазақ­стандық отбасына лайықты тұрғын үй беруге ұмтыламыз. Сондықтан, өңір басшыларымен қызметтік, серіктестік қатынастарды жолға қою – біздің қызметіміздің ажарамас бөлігі. Ал Павлодар облысының әкімімен және Қарағанды әкімдігінің басшы­лығымен жеке кездесуден кейін мен алда үлкен, күрделі бірақ табысты жұмыстар тұрғандығына сенімдімін.

– Бағдарлама қаты­сушы­лары өздерінің үлестерін ауқат­ты адамдарға сатып, нәти­жесінде біреулер бірнеше пә­тер­ге ие болып, ал жеңілдік көз­делгендердің баспанасыз қа­луына ықпал ететін «Сатып алы­натын» депо­зит­тердің жағ­дайы қалай болып жатыр? Мұн­дай жағдайлар болды емес пе…

– Иә, болды. Қазір кейбір ережелерге өзгертулер енгіздік. Банк өз міндеттемелері мен құқығын басқаға берудің күшін жойды. Ендігі жерде оны тек бағдарлама қатысушысының отбасы мүшелері мен жақын туыстары ғана пайдалана алады. Бұлардың қатарына: ерлі-зайыптылар, туған және асырап алған балалары, апа-аталары, сондай-ақ, ата-анасының туған және немере аға-қарындастары кіреді. Өзгертулер балл жүйесі бойынша тұрғын үйді бөлуде бағалаудың әділдігін арттыру мақсатында жасалды. Жаңа ережеде сатып алынған депозит бойынша бағдарламаға қатысу мүмкіндігі алынып тасталды.

– Қазір Қарағандының ТКШ бөлімдерінде 8000 өті­ніш беруші кезекте тұр. Олар­дың 2500-і мемлекеттік қыз­метшілер мен бюджет қызметкерлері. Әкім жай­­лылық сыныбын 3-4-шіге төмендетуді және оның есе­бінен салынатын нысан­дардың өзіндік құнын кемі­туді ұсынды. Сіздің көзқа­расыңыз?

– Біз бұл мәселені, сондай-ақ, кезекте тұрғандардың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне белсене қатысу тетіктерін талқыладық. Әкіммен бірлесе отырып, кезекте тұрғандармен бірқатар іс-шаралар жүргізуге келістік. Бюджет қыз­мет­керлерінің мәселесіне қатысты мынаны қос­қым келеді. Біз қа­зір көп жылдар бойы кезекте тұрған бюджет қызметкерлерінің пәтерлерді тезірек алуларына сеп­тігін тигізетін өзгертулер әзір­леп жатырмыз. Балл жү­йесі қайта қаралатын болады. Әрбір күткен жыл үшін басымдықты балл қосатын боламыз. Қазір бұл өзгертулер талқыланып жатыр және жақын арада Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады, содан кейін ҚР Үкіметіне жіберіледі.

– Жаңа басшылықтан қандай реформалар күтеміз? Банк сая­сатында қандай өзгерістер бол­мақ?

– Ол туралы нақты көрсет­кіштерге қол жеткізген кезде айтармыз. Бүгінгі таңда біз жан-жақты сараптама жұмысын жүргізудеміз. Біздің басты міндетіміз – адамдарды баспанамен қамтамасыз ету. Және бір маңыздысы, жүргізілген жұмыс тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамытуға мүмкіндік берері сөзсіз. Банк басшылығы шаршы метр үшін халыққа жеңіл бағада несие беру үшін клиенттермен үздіксіз кері байланыс жасап отырады. Банк қызметі тек клиентке бағытталады.

Әңгімелескен

Мира КАРИМОВА.

Соңғы жаңалықтар