Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зауыт баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 16 қазан күні таңертең кәсіпорынның кокс өндірісі  қондырғысында  тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты

Оқиға орнына дереу "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының өрт және газ қауіпсіздігі жасағының екі өрт сөндіру бөлімінің және газдан құтқару қызметінің қарауылдары, қалалық өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері келіп жеткен.

Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұтану аумағы – 3 шаршы метр.

Қазір  кәсіпорынның мұнай өнімдерін өндіру және оны жөнелту жұмыстары қалыпты жүзеге асырылуда. Ал, оқиға орнында оттың тұтану себептері анықталуда.