Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Жамбыл облысында карантин күшейтіледі

1062 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі кезде Жамбыл облысында коронавирус індетімен күрес жүргізілуде. Дегенмен, бірқатар мәселелер де бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысында карантин күшейтіледі

Облыстық әкімдік тарапынан Тараз қаласындағы мектептерге зерделеу жүргізіліп, нәтижесінде 8 мектепте санитарлық талаптарды сақтауға байланысты бірқатар кемшіліктер анықталған. Аталған мәселеге байланысты өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көбінде дезинфекциялық дәліз жұмыс істемейтінін, кейбір сынып кабинеттерінің кіреберісінде дезинфекциялық кілемшелер жоқтығын айтқан болатын. Сондай-ақ, жауапты кезеңде кейбір мектеп директорлары жұмыс орнында болмаған болса, кейбір мектептердің  кіреберісіне турникет орнатылмаған. Бұдан өзге де олқылықтар бар. Бердібек Сапарбаев енді осындай жағдайлардың орын алмауы үшін санитарлық талаптарды сақтау шараларын қатаң қадағалауды тапсырды.

Жиында облыс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нейлә Муликова тағы да күшейтілетін карантиндік талаптардың тізбегін ұсынды. Енді Қырғыз және Ресей мемлекеттерінде аурушаңдық артып отырғандықтан шекарадағы қадағалауды қатаңдатып, Тараз қаласына Түркістан мен Алматы облыстарынан кіретін шекараға блок-бекеттер орнатылады. Сондай-ақ, санитарлық талаптар сақталмай отырған мал базарының да жұмысын тоқтату керектігі айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев коронавирустың екінші толқынына әзірлік жайлы айтып, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыс бойынша өкілі Айжан Тортаева қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті екенін мәлімдеді.