15 Қараша, 2013

Министрдің орынбасары орнынан тұрған да жоқ

280 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазір Оңтүстіктің жиындарында орысша сөйлесең, ел біртүрлі қарап қалады. Қазағы қалың Оңтүс­­­­тік­тің өзбегі де, орысы да, басқасы да мемлекеттік тілді түсінетін болғандықтан Шымкенттің шенеунік­­­тері жиындарда мәселені тек «қазақша» шешеді. Әйтсе де, осы бір жақсы дәстүрді Астана жақтан келетін кейбір шенеуніктердің бұзып жіберетіні бар.

Қайбір күні облыстық әкім­дікте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамыт­беков пен Қаржы министрінің орын­­басары Руслан Даленов Оңтүстіктегі шаруалардың басын қосып, үлкен жиын өткізді. Мәселе – өте маңызды, жер салығына байланыс­ты өзгерту енгізілген заңдарды елге түсіндіру.

Қазір Оңтүстіктің жиындарында орысша сөйлесең, ел біртүрлі қарап қалады. Қазағы қалың Оңтүс­­­­тік­тің өзбегі де, орысы да, басқасы да мемлекеттік тілді түсінетін болғандықтан Шымкенттің шенеунік­­­тері жиындарда мәселені тек «қазақша» шешеді. Әйтсе де, осы бір жақсы дәстүрді Астана жақтан келетін кейбір шенеуніктердің бұзып жіберетіні бар.

Қайбір күні облыстық әкім­дікте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамыт­беков пен Қаржы министрінің орын­­басары Руслан Даленов Оңтүстіктегі шаруалардың басын қосып, үлкен жиын өткізді. Мәселе – өте маңызды, жер салығына байланыс­ты өзгерту енгізілген заңдарды елге түсіндіру. Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысынан жиналған шаруалардың түгелге жуығы ауылдық жерлерден келген, түгелге жуығы мемлекеттік тілді түсінеді. Ең алдымен сөз алған Қаржы ми­­­нис­трінің орынбасары Руслан Даленов баяндамасын ә деген­нен орысша бастай беріп еді, ел ду ете қалды. Бірақ елдің: «Айнала­й­ын, бәріміз ауылдан келіп отырмыз, бәріміздің осы заңды жақсылап түсінгіміз келеді, қазақша сөйлесейші», дегені далада қалды. Бұрын-соңды Астана жақтан келген мұндай шенеуніктер елден кешірім өтініп, «мүмкін болса, баяндамамды ресми тілде жасасам» деп рұқсат сұрайтын сияқты еді. Министрдің бұл орынбасары рұқсат сұрамақ түгілі соншама елдің алдында орнынан тұрған да жоқ. Баяндамасын мінбеге шықпай-ақ, сол отырған орнында оқып шыға салды. Осыдан-ақ, Даленовтің бұл жиынды асығыс, әйтеуір, болды-бітті қылып, тезірек өткізгісі келе салғаны байқалып қалды. Сонда тауық шақырған таңмен таласа тұрып, мына жағы Сыр елінен, мына жағы Жамбыл облысынан келген шаруалардың Шымкентке келгенде естиін дегендері осы ма еді? Құдай біледі, Даленовтің терминдері өте қиын баяндамасынан шаруалар қажетті ақпарат алды, бірнәрсені ұғынды деп айта алмаймын.

Қайта Асылжан Мамыт­беков­тің қазақшасы мен қазақилығы елді бір серпілтті. Министрдің мінбеге шығып, елмен амандасып, бастан-аяқ мемлекеттік тілде сөйлеуі, әр нәрсені жіті түсіндіріп, тіпті қиын терминдердің қазақша аудармасын, баламасын айтып отыруы елді ұйытып тастағаны анық. Әрине, мемлекеттік тілді білмейді деп министрдің орынбасарын бас салып жазғыруға да болмайтын шығар. Бірақ, «Ұлық болсаң, кішік бол» де­ген, елді сыйлағаннан, халық­тың алдында кішіпейіл, сыпайы болғаннан ешкім қыз­метінен айырылып қалмас. Мем­лекеттік қызметкердің басты қағи­дала­рының бірі де осы емес пе? Қазағы қалың Оңтүстікке Астананың осындай шенеуніктері бір сәт ойланып келгені дұрыс қой.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар