Аймақтар • 17 Қазан, 2020

Эвакуатор қаққан Өскемен тұрғыны қайтыс болды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде жол апатынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Эвакуатор қаққан Өскемен тұрғыны қайтыс болды

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қазан күні кешкі сағат 18.20 шамасында болған.

"Соңғы ақпарат бойынша, "Toyota" маркалы эвакуатордың 62 жастағы жүргізушісі Бәйтерек айналма жолында келе жатып, Жеңіс даңғылына бұрылатын тұста реттелмеген жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Көліктің астында қалған адам дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Қазір Өскемен қаласының полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Жол апатын көрген куәгерлердің 102, 23-26-13 нөмірлеріне хабарласуын өтінеміз", дейді қалалық полиция.