15 Қараша, 2013

«Өскемен-Қостанай» әдеби телекөпірі

304 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық және Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханалары арасында тұңғыш рет әдеби телекөпір өткізілді. Телекөпірге кітапханашылар, ақын-жазушылар, филология, журналистика факультеттерінің студенттері, ұстаздары қатысты.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық және Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханалары арасында тұңғыш рет әдеби телекөпір өткізілді. Телекөпірге кітапханашылар, ақын-жазушылар, филология, журналистика факультеттерінің студенттері, ұстаздары қатысты.

Өзінің қайталанбас көркімен, тамаша табиғатымен талайды тамсандырған шырайлы шығыс Қостанай өңіріне талантты ақын-жазушыларын таныстырып, қос­танайлық қаламгерлердің ле­бізін тыңдады. Кездесу бары­сын­да екі жақ – өскемендік «Ша­быт», қостанайлық «Таза бұ­лақ» ақын­дар мектебінің мүше­лері әде­биет пен мәдениет мә­се­ле­лерін сөз етті. Пікір алмасуға Шы­ғыс­ Қазақстан облысы жағы­нан «Еге­мен Қазақстан» газе­ті­­нің өңір­дегі меншікті тіл­шісі, бір­не­ше кітаптың авторы Оң­­да­сын­ Елубай, ақын Қазақ­стан Жа­­зушылар одағының мү­ше­сі Ба­қытжан Райысова, рес­пуб­­ли­калық, облыстық жыр мү­шәй­раларының бірнеше дүркін жүл­дегері жас ақын Қызықбек Дүр­генбай, ШҚМУ студенті, қа­­зан айында Алматыда өткен өнер фестивалінің 2-орын иегері, жас ақын Жандос Аманжолұлы қатысты.

Оңдасын Елубай Өскеменде Қазақ­­стан Жазушылар одағының филиалы бар екенін, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен 200 томдық «Алтай» кітапханасы жобасы бойынша қазірдің өзінде жиырмаға тарта қаламгерлердің шығармалары жарық көргенін, «Оты­кен» журналының 2 мың данамен республикаға тарап жатқанын тілге тиек етіп, өңіріндегі ақын-жазушылар, олардың әдеби ортасы, кітап шығару т.б.атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды. Сонау 80-жылдары өзіне аға­­лық қамқорлықпен ақжол тілеген қос­танайлық ақын Ғафу Қайырбековті ерекше сезіммен еске алған ақын Бақыт­жан Райысова өзінің жерлесі Оралхан Бөкейге арнаған өлеңін оқыды. Жас ақындар Қызырбек пен Жандос өздерін таныстыра келе жырдан шашу шашты.

Телекөпірде қонақтар жағынан сөз алған Л.Толстой атындағы кітап­хана директоры Г.Қазина әдеби бей­не­көпірдің мақсаты – екі өңірдегі шы­ғармашылық істерге серпін беруді, қарым-қатынасты күшейтіп, тәжірибе алмасуды көздейтінін айтты. Қостанай мемлекеттік университетінің деканы К.Есіркепова оқу орын­дарындағы жастарға қол­дау көр­сету қажеттігін айтты. Қос­та­най­лық ақын-жазушылар Серік­­бай Оспанов, айтыскер-ақын Әлфия Орманшина, ақын Сал­танат Өтелбаева т.б. өздері жайлы айта келіп, Қостанайдағы әдеби орта туралы сөз қозғады. Диалог тү­рінде өткен кездесу ешкімді бейжай қалдырмады.

Жансая ӘШКЕНОВА,

А.С.Пушкин атындағы облыстық

кітап­хананың бас кітапхана­­шысы.

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар