Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының конституция қабылдағанына 20 жыл толуына орай Екінші халықаралық парламенттік форумы басталды. Оған Қазақстан тарапынан Мәжілістің Вице-спикері Сергей Дьяченко қатысуда.

Шараны ұйымдастырушы – Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы мен Ресей Сыртқы Істер министрлігі және Ресей тарихы қоғамы.
«Конституция. Демократия. Парламентаризм». Басталған форумның жалпы тақырыбы осылай аталып, парламентаризм дамуының келешегін талқылау үшін секциялық отырыстар қарастырылған.
С.Дьяченко жалпы отырыста сөз алып, Қазақстандағы парламентаризмнің бүгінгі даму белестері жайында айтып берді.
Секциялар: «Парламент, демократиялық құндылық пен қоғамдық көзқарастар»; «Саяси және сайлау жүйелерін дамыту: халықаралық тәжірибе», «Конституциялық реформалардың ресейлік тәжірибесі»; және «Ғаламдағы парламенттік дипломатия» деген әртүрлі тақырыптардан тұрады.
Мәжілістің Вице-спикері басқа елдерден келген әріптестерімен де екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.