Оқиға • 19 Қазан, 2020

Полицейлер дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының полиция департаменті қазақстандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Полицейлер дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді

Полиция департаментінің мәліметінше, оларға 18 қазанда түнгі уақытта қоңырау келіп түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адамның айтуынша, үйдің ауласында белгісіз ер адамдар бастапқыда дауласып, артынша төбелескен. Нәтижесінде, олардың біреуі құлап, екіншісі қылмыс орнынан жасырынуға асыққан. Оқиған орнына келген дәрігерлер тобы адам өлімін анықтады. Оның аты-жөні бірден анықталды. Ол 1989 жылғы Б есімді ер адам", деді полиция өкілдері.

Қылмысты жасады деген күдікпен 1991 жылғы ер адам ұсталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Кісі өлтіру") бойынша тергеп жатыр. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында.