15 Қараша, 2013

Екі жоба қолдау тапты

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Заң жобасы Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасы мен түпкі нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұл жобамен еліміздің Бюд­жет ко­дексі мен «Концессиялар ту­­ралы» және «Қазақстан Рес­­пуб­ликасындағы жергілікті мем­­лекеттік басқару және өзін өзі бас­қару туралы» заңдарға өзге­ріс­тер енгізу көзделеді. Бюджеттік бағ­­дарламалар әкімшілері шы­ғыс­­тарының лимиттері енгізіледі.

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мазмұны, оларды әзірлеу тәр­тібі қайта қаралып, оған қоса стратегиялық жоспарды жер­гілікті деңгейде әзірлеуді тоқтату қарастырылатын болады.

Негізсіз жоспарлау және бюджет қаржыларын пайда­ла­ну барысындағы нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткі­зе алмағаны, сондай-ақ квази­мемлекеттік сектор субъек­тілерінің бюджет инвестиция­ла­рының нәтижелеріне қол жет­кізе алмағаны үшін бюджет әкімшілерінің жауапкершілігі күшейе түседі.

Отырыста сондай-ақ, заң­намалық актілерге салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заң жобасымен берілгеннен кейін белгілі бір кезең ішін­де игерілмейтін жерлерге арттырылған салық мөлшер­лемелерін енгізуді орындауға арналған ережелер көзделіп отыр.

Одан басқа, Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын іске асыру мақсатында заң жобасында жеке тұлғалардың мүлкіне, көлік құралдарына салықтарды және акциздер мөлшерлемелерін арттыру жөніндегі нормалар қамтылған. Сонымен қатар, заң жобасында салықтық әкімшілік ету мәселелерін жетілдіруге бағытталған нормалар да бар.

Заң жобалары бойынша Эко­номика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар және Қаржы министрліктерінің өкілдері тиісті түсініктеме берді.

Сенат отырысында сенатор Ақан Бижанов депутаттық сауа­лын жария етті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар