15 Қараша, 2013

Бармақ басты, көз қысты тендер

420 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сатып алу жүйе­сін­де жең ұшынан жалғасқан түрлі заңсыздықтардың тыйыл­май отырғаны жасырын емес. Үкіметтің кеңейтілген мәжі­лісінде Елбасы осы мәселеге айрықша назар аударып, билік орындарының тендерлерде «бөгде» жеткізушілердің қаты­суына мүмкіндік бермейтін шарттар белгілеп, өз «адамдарын» өткізіп жіберетін келеңсіздіктерді қатты сынға алған болатын. Біз төменде бұратартушылықпен ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу арқылы кәсіпкерді нәпақасынан айырып, тентіретіп жібере жаздаған мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеттері жайлы әңгімелемекпіз.

«Нұр Отан» партиясы облыс­тық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің қоғамдық қабылдауына арыздана келгендердің бірі «Петропавл-Лифт» ЖШС-нің директоры Сергей Царьков болды. Ол өз сөзінде жеке кәсібін дамытуда қолдан жасалған кедергілерге кездесіп отырғанын айта келіп, араша сұрады. Шенеуніктердің тен­дерді көпекөрінеу өзгеге жығып берген қиянатына шыдай алмай, әділдік іздеп келгенін жасыр­мады. Самат Сапарбекұлы жәбір­ленушінің шағымын мұқият тыңдап алғаннан кейін мәселенің мән-жайын егжей-тегжейлі анық­тау­ды Петропавл қаласының әкімі Төлеген Зәкірияновқа тапсыр­ды. Қала әкімі іле-шала осы са­ла­­ға жауапты басшыларды қа­­­­тыс­­тыра отырып лифт жөндеу жұмыстарымен айналысып жүр­ген мекеме өкілдерімен кездесу өткізді. Онда 15 жылдан бері лифт жөндеумен шұғылданатын «Петропавл-Лифт» серіктестігінің биыл бірде-бір тапсырма алмағаны мәлім болды. Керісінше, сырттан киліккен «Техносиб» ЖШС «Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын жаңғырту» бағдар­ламасы шеңберінде тендерді ұтып ала берген. Оның көлде­нең көк аттыдай жолдан қосыл­ған іс-әрекетінің арғы жағында заңнама талаптарының өрескел бұзылғанын аңғару қиын емес еді. Сөйтсе, тұрғын үй инспек­циясының өкіл­дерін шайтан азғыр­ған болу керек, қос тарап­тың тендерге қатысу қарымы мен мүмкіндіктерін жан-жақты таразылап, әділдікпен шешудің орнына тура жолдан тайып кеткен. Тіпті, нарық айдынында мол тәжірибесі бар мекеме басшылығын жиындар мен басқосуларға шақыруды қажет деп таппағанға ұқсайды. Көпқабатты үйлердің тұрғындарын өздері бопсалап отырған мекемені таңдауға үгіт­те­ген көрінеді. Осылайша, бюро­краттық өзімбілемділіктің шылбырына оратылып, жеке-дара шешім қабылдаудың салдарынан қарсы тарапты жеңімпаз етіп шығарған.

«Тұрғын үй инспекциясы» мекемесінің заңгері Жанар Есе­то­ва өз әрекеттерін ақтамақ болып қанша жерден жанталасса да, қызметтен босату ұйғарылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Александр Чернов сөгіс алды.

Бұл мысал заң талаптарын бел­ден басуға үйренген өзге лауазымды тұлғаларға сабақ болса игі.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар