Қоғам • 19 Қазан, 2020

Мобильді топтар демалыс күндері карантин режимін бұзған 30-дан астам фактіні анықтады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бірқатар тұрғындары қазіргі тыйымға қарамастан, карантин режимінің шектеу шараларын елемей, отбасылық мерекелерді ұйымдастырып, қала тұрғындарына қауіп төндіруде. Құрамында тауарлар мен қызметтер сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, әкімдік пен Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілдері бар мобильді топ карантинді бұзушыларды анықтай отырып, күнделікті рейдтер өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді топтар демалыс күндері карантин режимін бұзған 30-дан астам фактіні анықтады

Осылайша 18 қазанда сағат 17.10-да полиция қызметкерлеріне қала тұрғындарының бірі "QUMAN" мейрамханасында ұйымдастырған 50 жылдықты тоқтатуға тура келді. Туған күн иесі жеке мерекесіне 60-тан астам қонақ шақырған. Шара барысында инспекторлар залға кіріп, отбасылық мереке тоқтатылады.

"Мейрамхана қожайыны мен іс-шараны ұйымдастырушы тыйым салынғанына қарамастан, адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Мейрамхана иесіне және іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК 425 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", - делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

Мобильді топ бір тәулік ішінде 130-дан астам кәсіпкерлік нысанын тексеріп, карантинді бұзудың 36 фактін анықтады.

Мамандар заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауап беретіндігін ескертеді.