Қоғам • 19 Қазан, 2020

Президент Қазақстандағы ең ықпалды ерлердің рейтингінде көш бастап тұр

2419 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда ықпалды қазақстандықтар – олар тек Forbes тізіміне кіретіндер мен саяси биліктің жоғары тап өкілдері ғана емес. Шынтуайтына келгенде, ықпалды азаматтар деп, олар туралы қоғамда өзіндік пікір қалыптасқан, елдегі өткір және өзекті мәселелерді көтере білген, сонымен бірге оған сенім артып, тыңдай алатындарды айтамыз. Hommes сайты интернеттегі түрлі қызмет салаларынан іріктеп алып, ықпалды ерлердің рейтингін дайындады. Арнайы сауалдамаға 16 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz

1.Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы ең ықпалдылардың көш басында тұр. Президенттің Twitter мен Instagram желісіндегі ресми парақшаларын ескере отырып және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" саясаты негізге алынған. Әлеуметтік желіде елдің түкпір-түкпіріндегі оқиғалардан хабардар екенін айтпай өтуге болмайды.

1

2.Геннадий Головкин.

Қазақстандықтардың мақтанышы, беделді әрі теңдессіз спорт шебері, жексенбі күні таңғы 6-да жүздеген адамды ұйқысынан тұрғыза алатын және оларды ортақ мақсатта біріктіретін GGG-ді еш күмәнсіз осы тізімге қоса аламыз.

1

3.Вадим Борейко.

Вадим Борейко – журналист, шолушы. YouTube арнасындағы "ГиперБорей" жобасының жүргізушісі, "Көк Жайлауды сақтайық" экологиялық қозғалысының белсенді мүшесі болуымен көпшілікке танымал. Бұдан бөлек, ол өз арнасы үшін қоғам белсенділерінен қызықты әрі тұшымды ой ұсынатын автолық жобалар түсіреді.

1

4.Димаш Құдайберген.

Димаш Құдайберген Қазақстанның брендіне айналды. Себебі ол өз күшімен жаһанға танылып, еліміздің абыройын одан әрі көкке көтерді. Димаш – нағыз мақтан тұтарлық, үлкен құрмет пен насихатты қажет ететін тұлға дер едік.

1

5.Марғұлан Сейсембаев.

Марғұлан Сейсембаев еліміздегі ең беделді және тәжірибелі кәсіпкерлердің бірі. Кәсіпкер бизнесте жеткен жетістіктері мен құлдыраған сәттерін еш бүкпесіз айтып береді. Ол сонысымен де ерекшеленеді. Ағымдағы жылдың 31 тамызында ол Украинада өткен "Офисе простых решений и результатов" атты жобада Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс атқаратынын айтып өтті.

1

6.Айдын Рахымбаев.

Айдын Рахымбаев – кәсіпкер, меценат және көпбалалы жеті баланың әкесі. Ол еңбек пен спортты, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды алдыңғы орынға қояды. Қарапайым ауыл баласы болып бастаған кәсіпкер, бүгінде еліміздегі ең бай адамдардың ТОП-50-гіне кіреді.

1

7.Скриптонит.

Кімде-кім оған Instagram желісіне тіркелсе, оның қазіргі таңда тарихи отанынан тыс жерге қоныс аударғанын біледі. Ол алыста болса да, елдегі ішкі ахуалды бақылап отырады. Мысалы, бірнеше жыл бұрын туған жері Павлодар қаласынының әкімдігіне бұзылған жолдар туралы үндеу тастаса, ал осыдан бір ай бұрын елорда әкімдігінің халықпен кері байланысқа шықпайтынына наразылығын білдірген еді.

1

8.Бейбіт Әлібеков.

Қазақстандағы блогерлердің ішінде ең танымалы әрі сөзі өтімдісі десек те болады. Себебі оның әр жазған посты жоғары шенділердің назарынан тыс қалған емес. Осыған орай оның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен және ведомствоның вице-министрі Мирас Дәуленовпен өткізген сұхбаттарын електен өткізуге келеді.

1

9.Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы Досым Сатпаев Қазақстанда болып жатқан маңызды оқиғаларға жедел әрекет етіп, кәсіби тұрғыдан көрші елдердегі саяси науқандарға түсініктеме береді. Ол әрдайым пайымды ой қозғайды.

1

10.Нұртас Адамбай.

Шоу-бизнестегі адамдардың қоғамдағы рөлін айқындап берген азамат.  Ол әлеуметтік желілерде тек шығармашылымен айналысып қана қоймай, әлеуметті толғандырып жүрген бірталай сұрақты көтеріп, соған тиісті жауабын да ала алады.

1

11.Қайрат Құдайберген.

Қайрат Құдайберген – кәсіпкер, қоғам қайраткері, Алматы мәслихатының депутаты. Кәсіпкер әлеуметтік желілерде ауқымды аудиторияға ие бола отырып, проблемаларды атқарушы органдарға жеткізуге мүмкіндігі бар. Ең қуаныштысы, Қайрат Құдайбергеннің мұрындық болуымен қоғамдық орындарда электронды темекі мен кальян шегуге заң жүзінде тыйым салынды.

1

12.Әлішер Елікбаев.

Әлішер Елікбаев қазақстандықтардың өміріне қалай әсерін тигізіп жатқанын айту қиын. Алайда ол әр сенбілікте "Тиндер для бедных" айдарын әлеуметтік желілерде белсенді жүргізіп отырады.

1

13.Джохар Утебеков.

Джохар Утебеков – өте сауатты азамат. Ол құқықтық нормалардың жиынтығын жақсы біледі. Көбіне-көп оны Facebook желісінің әділеттік дауысы деп атап жатады. Өйткені, ол заңды органдардан гөрі жедел ақпарат пен кеңес беруге тырысады.

1

14.Нұрлан Сабуров.

Сауалдамалардың ішінен көбі Сабуровты таңдаған. Оның ықпалды ер азаматтардың қатарына кіруі де, осы әзілдері мен интернеттегі белсенділігінің арқасында.

1

15. Айсұлтан Сейітов.

Жас режиссер, клипмейкер ТМД елдерінің орындаушылары үшін клиптер түсіреді. Оның жұмыстары жоғары шеберлікпен ерекшеленеді. Ол сонысымен де ресейлік және украиндық шоу-бизнесегі ең танымал әрі ең қымбат клипмейкер.

1