15 Қараша, 2013

Шеврон компаниясы шәкіртақы иелерін марапаттады

360 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қ.Сәтбаев атындағы Қа­зақ ұлттық техникалық уни­вер­ситетінде «Шеврон» компания­сының 2013-2014 оқу жылы бойынша осы университеттегі техникалық мамандықтарына арналған Стипендиялық бағдар­ламасының жеңімпаздарын салтанатты түрде мараппатау рәсімі болып өтті.

Қ.Сәтбаев атындағы Қа­зақ ұлттық техникалық уни­вер­ситетінде «Шеврон» компания­сының 2013-2014 оқу жылы бойынша осы университеттегі техникалық мамандықтарына арналған Стипендиялық бағдар­ламасының жеңімпаздарын салтанатты түрде мараппатау рәсімі болып өтті.

Онда ҚазҰТУ-дың Халық­­ара­­лық байланыс және оқу-әдіс­те­мелік жұмыс проректоры Сәр­­­сен­­бек Жү­­­­­сіпбеков «Шеврон» ком­­паниясына өз ризашылығын біл­­діре отырып, бүгінгі шәкіртақы иегерлерін құттық­­тап, олардың бола­­шағына табыс пен жетістіктер тіледі.

Рәсім барысында «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесі Басқарушы директорының орынбасары Имир Боннер «Шевронның» университеттермен серіктестік құру бағдарламасының Қазақстандағы жүзеге асуы және компанияның осы елдегі қызметі туралы жиналғандарға кеңінен әңгімеледі. Соның ішінде ҚазҰТУ-дың 2007 жылдан бері «Шеврон» компания­сымен ынтымақтастық орнатып келе жатқандығын айтып өтті. Биыл бұл компания университеттегі ең үздік 92 студентті таңдап, оларға 31 толық және 61 жартылай шәкіртақы тағайындаған екен.

Жас «Мамандар мен болашақ инженерлердің әлеуетін толыққанды жүзеге асыруларына жағдай жасауға біздің компаниямыздың білім беру бағдар­ламаларында ерекше мән берілген», – деп атап өтті Имир Боннер өз сөзінде.

Компания әлемнің түрлі елде­ріндегі ең үздік оқу орындарымен, соның ішінде АҚШ-тың жетекші техникалық университеттерімен тығыз жұмыс істейді. Бағдарлама аясында «Шеврон» университеттерге жаңа оқу бағдарламаларын енгізуге, материалдық-техникалық базаны жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, үздік студенттерге гранттар мен стипендиялар бөледі. Мәселен, соңғы жеті жылдың ішінде ҚазҰТУ-дың ең үздік деген 358 студентіне шәкіртақы беріліпті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар