15 Қараша, 2013

Ас атасы неге қымбаттады?

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысын­дағы Қаратөбе ауданында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Наубайшылардың айтуын­ша, нанның қымбаттауына жол қатынасы бағасы мен газ тари­фінің жоғарылауы басты себеп болып отыр.

Батыс Қазақстан облысын­дағы Қаратөбе ауданында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады. Наубайшылардың айтуын­ша, нанның қымбаттауына жол қатынасы бағасы мен газ тари­фінің жоғарылауы басты себеп болып отыр.

Ал, қалған ірілі-ұсақты сауда орындарында нан бағасы 70 теңгеге барып жығылады.

Айта кетелік, нан бағасының қымбаттауына байланысты кезек­ті лездемеде мәселе көтерген Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстауды тиісті мекеме басшыларына шегелеп тұрып тапсырды.

– Азық-түлік мәселесі, соның ішінде нан өнімдерінің негізсіз қымбаттауына ешқашан жол берілмейді. Бұл мәселе турасында босаңсудың реті жоқ. Күнделікті бағаны бақылауда ұстау керек. Әсіресе, осы мәселені қадағалайтын мекеме басшыларының жұмысы қарқынды болуы тиіс, – дейді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Қаратөбе аудандық кәсіпкер­лік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің меңгерушісі Кенжебек Аймашевтың берген мәліметіне сүйенсек, нан бағасының қымбаттауы қазан айында байқалған.

– Қазан айының басында нанның бағасы 45 теңге болатын-ды. Ай ортасында 5 теңгеге қымбаттады. Бүгінгі таңда облыс бойынша біздің аудан­ға тұрақ­тандыру қорынан арзан­да­тылған ұн бөлінбейді. Сон­дық­тан сатылымдағы ұн бағасы жо­ғары болғандықтан, наубайханаларда нанның бағасы 5 теңгеге қымбаттады, – дейді ол.

Аудандағы жеке кәсіпкерлер астық өнімдерін қаладан тасиды. Жергілікті сауда нүктелерінде жо­ғары сортты «БелесАгро» ЖШС-нің ұны 3800 теңге, «Желаев» астық комбинатының ұны 4000 теңге тұрады. Ал, І сортты ұн 3300 теңгені құрайды.

Аудан орталығындағы «Ыстық нан» наубайханасы 1 жылдан астам уақыттан бері қаратөбеліктерге қалтқысыз қызмет етіп келеді. Нан бағасына қатысты наубайхана қожайынының да пікірін білдік.

– Наубайханада 3 адам қызмет етеміз. Тәулігіне 300 нан дайындаймыз. Көбіне нан түнгі уақытта пісіріледі.

Біздегі сатылымдағы нан ба­ғасының 5 теңгеге жоға­ры­лауы­на бұған дейін облыстағы тұрақтандыру қорынан беріліп келген арзандатылған ұнның тоқтатылуы әсер етіп отыр. Бұрын аталмыш қор арқылы І сортты 1 қап ұнды 2450 теңгеге алып келгенбіз. Қазіргі таңда «Белес» пен «Желаевтың» ұнын қаладан 2900 теңге бағамен сатып аламын. Жеке көлігім арқылы тасымалдап әкелетінімді есептеңіз. Оның үстіне жанар-жағармай да қымбаттады, – дейді наубайшы.

Ертай БИМҰХАНОВ.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы.

Соңғы жаңалықтар