Қоғам • 20 Қазан, 2020

Республикалық жолдың 90 пайызы орташа жөндеуден өтті

173 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін жолшылар жолдың 90%-ын қалыпқа келтірген.

Республикалық жолдың 90 пайызы орташа жөндеуден өтті

Анықталғаны, биыл орташа жөндеу бойынша барлығы 66 жоба жүзеге асырылуда. Оның 13-і – ауыспалы болса, 53-і –жаңа жобалар. Бүгінде республикалық автожолдардың 948,5 шақырымы қалыпқа келтірілген. Жабындыны жонғылау мен жарықтарды құю бойынша жұмыс атқарылды. Автожолдардың 500 шақырымға жуығына ресайклинг әдісі жүргізіліп, 144 шақырымына жабынды төселді. Бұдан бөлек, жолшылар 12,42 шақырым жерге қорғаушы қабат орнатқан.

Сондай-ақ тозығы жеткен жол қабаттары келесідей учаскелерде қалыпқа келтірілді: «РФ шекарасы (Самара) – Шымкент», «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты», «Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан – Петропавл», «Бурабай курорттық аймағының жолдары», «Көк­ше­тау қаласының айналма жолы» (әуежайға барар жолмен бір­ге), «Көкшетау – Атбасар», «Алматы – Көкпек – Шонжы – Көк­тал – Қорғас», «Көкпек – Кеген – Қазақстан шекарасы (Түп)», «Алматы – Өскемен (Талдықорған қаласының айналма жолы)», «Атырау – Орал», «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғаз», «Чапаево – Жалпақтал – Казталовка – РФ шекарасы», «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы», «Қызылорда – Павлодар», «Жайрем – Қаражал – Атасу», «Ақшатау – Ағадыр – Ортау» автожолы, «Қызылорда – Павлодар», «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Энтузиаст – Киевка – Теміртау», «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы», «Ленин – Ертіс – Русская Поляна», «Көкшетау – Рузаевка», «Мамлютка – Қостанай», «РФ шекарасы (Екатеринбург) – Алматы», «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Киров – Қызыләскер – Сарыағаш – Абай – Жібек жолы».

Айта кетейік, жылдың соңына дейін республикалық жолдардың 1 056,6 шақырымы қалыпқа келтіріледі.