Медицина • 20 Қазан, 2020

Оттекті газдандырудан тарықпауға тиіспіз

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көктемде індет баса-көктеп енген сәтте қапыда қалғанымыз жасырын емес. Ауа толтырылған ыдыстарды тасып үлгере алмай, әкелгені жанұшыра қиналып жатқан науқастарға жетпей сабылғанымыз есте. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен қиын жағдай қайталана қалған жағдайда осы олқылықтарды болдырмау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Оттекті газдандырудан тарықпауға тиіспіз

Жаңаөзен қаласында, Бейнеу, Қара­қия, Түпқараған аудандарында, Шетпе, Боран­құл, Жетібай ауылдарында, сондай-ақ облыстық жұқпалы балалар ауруханасында оттекті газдандыру жұмыстары атқа­рылды. Маңғыстауда салынып жат­қан модуль­ді стационар мен облыстық ауру­хана ғимаратында да аталған жоба жүзеге асы­рылады.

Жуырда Қарақия ауданының Құрық ауылында оттекті газдандыру стансасы бой көтерген болатын. Қарақия аудандық орталық аурухана директоры Гүлшара Бегниязованың айтуынша, мердігер мекеме аурухана жанынан бой көтерген оттекті газдандыру стансасының құрылысын он күнде аяқтады. Мұнда 5 бөлімше бар және әр төсек-орынға оттегі жеткізу қамтамасыз етілді. Оның ішінде терапия бөлімшесіне – 14, хирургия бөлімшесіне – 8, балаларға арналған бөлімшеге – 8, әйелдерді босандыру бөлімшесіне – 8, жұқпалы аурулар бөлімшесіне 12 дана оттегі жеткізу нысан­дары жасалды. Сонымен қатар Жетібай ауыл­дық ауруханасының жаны­нан да осындай оттекті-газдан­дыру стансасының құрылысы басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқар­масынан бөлінген қаражат есебінен салын­ған бұл станса індетке шалдыққан, тыныс алуы қиындаған науқас­тарды емдеуде алатын орны ерекше болмақ, – дейді Г.Бегниязова.

Әрбір тыныс алуы қиындаған нау­қасты төсек-орынның жанынан қабырғаға орнатылған аппаратқа тікелей қосу арқылы оның өміріне араша болуға мүмкіндік бар. Оттекті газдандыру бағы­тындағы жұмыстар қиын жағдайда ауадан тарық­пауға мүмкіндік береді деп ойлай­мыз.

 

Маңғыстау облысы

 

Соңғы жаңалықтар