Қоғам • 20 Қазан, 2020

Жануарларды қорғаудың жаңа тәсілі

919 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Анастасия Кормушинаның әлеуметтік жобасы стартап-байқауда 300 мың теңге жеңіп алды. Аталған шара «BIRGEMIZ: TAZA ÁLEM» ұлттық жобасының гранты аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті.

Жануарларды қорғаудың жаңа тәсілі

Анастасияның еріктілер жобасы жануарларды қорғау са­ласына, яғни Талдықорған қала­сындағы бақылаусыз қалған жануарларды зарарсыздандыруға бағытталған.

Еріктінің айтуынша, қаң­ғыбас жануарлар қалада жиі кездеседі және тұрғындарға бір­қатар қиындық тудыруда. Анастасия жеке зерттеу жүргізіп, қала аумағында жануарлар пана­лайтын орталық та жоқ еке­нін анықтады. Проблемалық мәсе­лелер ашық күйінде қалып отыр: адамдарға шабуыл, ауру тарату, қаланың қоқыстармен ластануы және ең маңызды мәселе – оның көбеюі болып отыр.

– Адамгершілік тұрғысынан ұсталған жануарларды тек тір­шілік ету фактісі үшін жою әдепке жатпайды. Шынында да, бұл мәселеге көбіне адамдар өздері кінәлі. Өйткені өздері қол­ға үйреткен жануарлардан бас тартады. Сондықтан зарарсыз­дан­дыру үйсіз жануарларға қа­тысты ең ізгілікті әдістердің бірі болып қала береді, – деді Анас­тасия Кормушина.

Әрқашан көмек көрсету Анас­тасияның ұзақмерзімді дәс­түріне айналған. Ол Назарбаев зияткерлік мектебінің қабырға­сында қамқорсыз қалған жануарларды тамақтандыруға ба­ғытталған «Үміт панасы» жо­басын жасады. Қазіргі уа­қыт­та мектеп белсенділері «Zooclub» жануарлар құқығын қорғау­шылар қоғамдық бір­лес­тігімен ынты­мақтасып, үйсіз жануарларға ие табуға, тамақ­тан­дыруға, стенд­тер салуға, күтім жасауға көмек­теседі. Қазір Анас­тасия зерттеуін жалғастыру үстінде.

– Менің зарарсыздандыру жобам басталды. Бүгінге дейін жеті қаңғыбас итті емдедік. Опе­рациядан кейін жануарларға қамқорлық жасаймыз, оның көп­шілігі жаңа иелерін тапты. Осындай кішкентай, бірақ се­німді қадамдармен біз қоғам­ның назарын жануарлар проблемасына аударамыз деп үміт­тенемін, – дейді зияткерлік мек­тептің оқушысы.

 

ТАЛДЫҚОРҒАН