15 Қараша, 2013

Қауырт қызмет қарымы

350 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы ел аза­мат­тарының қауіпсіздігі үшін қызмет ететін Төтенше жағдайлар министрлігінің жарақталуына ерекше көңіл бөледі. Жыл сайын қызметтердің техникалық жаб­­­­дықталу деңгейі, қызмет­керлердің кәсібилігі өсуде, іс-әрекеттердің жеделдігі мен үйлесімділігі артуда. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай­лардан қорғау саласында оқыту үшін қазіргі заманғы технология қолданылады. Халықты ақпараттандыру және хабардар ету әдістері жетілдірілуде.

Мемлекет басшысы ел аза­мат­тарының қауіпсіздігі үшін қызмет ететін Төтенше жағдайлар министрлігінің жарақталуына ерекше көңіл бөледі. Жыл сайын қызметтердің техникалық жаб­­­­дықталу деңгейі, қызмет­керлердің кәсібилігі өсуде, іс-әрекеттердің жеделдігі мен үйлесімділігі артуда. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай­лардан қорғау саласында оқыту үшін қазіргі заманғы технология қолданылады. Халықты ақпараттандыру және хабардар ету әдістері жетілдірілуде.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2013 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша төтенше жағ­­­­дайлардың санын 17,3 пайызға, осы төтенше жағ­дай­лардан адамдардың қаза болуын 12 пайызға, адам­дардың зар­дап шегуін 15 пайызға азайтуға қол жеткізілді.

Шұғыл ден қою қызметтерінің үйлесімді және жедел іс-әрекеттері оқу-жаттығулар барысында тұрақты түрде пысықталады. Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырыстары өткізіледі, облыстар, Астана және Алма­ты қалалары әкімдіктері басшы­лығымен жергілікті Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.

Мемлекет басшысы мен Үкі­меттің тапсырмасы бойынша министрлік шетелдерде орын алған ірі ауқымды дүлей зілзалалардан зардап шеккендерге гуманитарлық жағынан жәрдемдесуде. Ауғанстан Ислам Республикасына, Гвате­малла Республикасына, Ливан Республикасына, Шри-Ланка Республикасына жалпы сомасы 978 мың АҚШ долларының гуманитарлық көмегі көрсетілді.

Төтенше жағдайдың бар­лық жүйесі үшін аса маңызды оқиғалардың бірі, бұл – «Аза­маттық қорғау туралы» шоғыр­ландырылған Заң жобасының бірінші оқылымда мақұлдануы.

Аталмыш заң жобасында төтенше жағдайлардың алдын алу мәселесі бірінші орында тұр. Онда үлкен экономикалық шығыны бар табиғи күтпеген құбылыстардың өсуі, елдің айтарлықтай аумағы­ның сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуы, Қазақстанның өнер­кәсіптік әлеуетінің, оның ішінде қауіпті технология­лары бар өндірістер есебінен өсуі қамтылды. Сондай-ақ, заң жобасы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік материалдық резервтер, апаттар медицинасы саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың құқықтық тетіктерін ретке келтіреді.

Заң жобасының негізгі мақсаты Қазақстанда азаматтық қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесін құру болып табылады.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша табиғи зілзалалардан сақтандыру жүйесін­де жаңа тәсілдер әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ, бизнеске әкімшілік қысым көрсетушілікті айтарлықтай азайту, рұқсат беру құжаттарының санын, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді азайту, бағдарламалық өнімдерді енгізу арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазіргі уақытта ТЖМ беретін 199 рұқсат беру құжаттары 168-ге азайды, 5 рәсім хабардар ету сипатына көшірілді. Үкіметтің тапсырмасына сәйкес ТЖМ-нің 6 мемлекеттік қызметі (өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында) Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.

Сонымен қатар, өрт және өнер­кәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша тексеріс санын азай­туға мүмкіндік беретін қауіп-қатерлерді басқару жүйесі енгі­зілуде. Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген тексерулердің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 2 есе азайды.

Мемлекет басшысы мен Үкі­мет­тің халық қоныстанған аумақтардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты назарда ұстап, олардың кешенді шешіміне көрсеткен қолдаулары арқасында өрт сөндіру деполары салынуда. Осы жылғы қазанда Алматы және Тараз қалаларында үлгі жоба бойынша салынған, әрбіреуінің құны 900 миллионнан астам теңге тұратын 6 өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді.

Мүдделі мемлекеттік орган­дар­мен бірге «Қазақстан Рес­публикасының халқы мен мемле­кеттік органдарын хабардар ету жүйесін жаңарту» жобасы әзірленді.

Осы жылы «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС, «Алтел» АҚ секілді ұялы байланыстың жетекші операторларымен халықты СМС-хабарлама арқылы туындаған төтенше жағдайлар туралы хабардар ету жөніндегі бірыңғай келісімге қол қойылды. Елдің барлық аумағында «112» бірыңғай құтқару телефон нөмірі енгізілді.

Елбасы өзінің Қазақстан хал­қына Жолдауында күшті әлеуметтік саясат қана қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ете­тінін атап өтті. Министрліктің төтенше жағдайлардағы шұғыл медициналық қызмет жүйесінде жүргізген түбегейлі өзгертулері көзге көрінер әлеуметтік серпін берді. Ел аумағында «денсаулық пойыз­дары» өз жұмысын жалғас­тыруда. Адамдар туған ауылдарынан шықпай-ақ жоғары білікті мамандардың (оның ішінде телемедицина мүмкіндіктерін пайдалану арқылы) бірінші сыныптық медициналық көмегін алуда. Дәрігерлерді халық құрметтеп, оларға сенім артуда. 2013 жылғы 10 айда үш медициналық пойыз барлық облыстардың 276 шалғай жатқан бекеттерінде тұратын 62754 тұрғынды тексеруден өткізді. 275766 диагностикалық емшара жүргізілді, 653 шағын амбулаториялық ота жасалды.

Бүгінгі күні республиканың 5 облысында респуб­ликалық авто­­жолдардың аса қауіпті 12 телімінде Күре жолдық медици­налық-құтқару пункттері табысты қызмет көрсетуде. Олар жол-көлік оқиғалары болған кезде зардап шеккен адамдарға «қауырт уақыт» ішінде көмекке келеді. Жыл басынан бастап олар 576 рет жолға шықты, 1661 зардап шеккен адамға, оның ішінде 91 балаға медициналық көмек көрсетті, оның 554-і госпитальға жатқызылды.

Ағымдағы жылы Ақтөбе, Ал­маты, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қызылорда және Атырау облыстарында тағы осындай 14 пункт салынады.

Қазақстан Республикасы Ден­саулық сақтау саласын дамыту­дың 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тікұшақтарға техникалық қызмет көрсетуге арналған жерүсті жабдықтары бар он ЕС-145 тікұшағы мен екі Ка-32А11ВС тікұшағы сатып алынды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы төрт ЕС-145 тікұшағы сатып алынады.

Өткен кезеңде ҚР ТЖМ сани­тарлық авиациясы 218 рет көкке көтеріліп, жетуі қиын және шалғай жатқан жерлерде зілзалаға тап болған 403 адамды құтқарды.

Мемлекет басшысының «Қа­зақстан-2050» Стра­тегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы ТЖМ-нің жұмыс нәтижелері осындай.

Жанболат СМАИЛОВ,

Төтенше жағдайлар вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар