Медицина • 20 Қазан, 2020

АШМ ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіретін екі комитет қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz

АШМ ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Ветеринария қызметінің алдына қойылған негізгі міндеттер ветеринариялық-санитариялық саламаттылықты қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын адам мен жануарлардың жалпы ауруларынан қорғау, аумақты жұқпалы және экзотикалық аурулардың таралуынан қорғау, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың басынан бері заңнамалық деңгейде қабылданған нормалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, "орталық-аудан-ауыл" қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық бақылау, "облыс-аудан-ауыл" қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық  қызмет құрылды. Өңірлендіруге, аймақтандыруға және компартменттеуге қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді, мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша тұрақты ветеринариялық бақылау, кәсіпорындардың инспекцияларының бюджет есебінен қаржыландырылуы  жүргізілуде, бұл қазақстандық өнімді экспорттауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралардан тұратын ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілді, бұл 9 айдағы жоспардың 100,9%-ын құрайды. Вакциналау жүргізу үшін 7,1 млрд теңге сомасына 148,2 млн доза вакцина сатып алынды.  Бұл ретте, ветеринариялық препараттың шамамен 60%-ы - отандық өндірістікі.          

Республикамыздың аумағына  таралуы үлкен қауіп төндіріп тұрған аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілді, олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.