Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеумен 2020 жылдың маусым айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылды. Зерттеуге барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын кәсіпорындар іріктеліп қатысты. Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2020 жылғы маусым айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына (бұдан әрі - ҰКС) сәйкес жүзеге асырылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2020 жылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2713,6 мың адамды құрады, оның ішінде ерлер (1246,6 мың адамды) 45,9%, әйелдер (1467 мың адамды) 54,1% құрады.
Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкерлер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 30,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін - 39,2%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 14,2%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 7,2%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 3,6%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,2%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,6%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,4% қызметкерлер алды.
Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақысы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» (49,6%) экономикалық қызмет түрінде белгіленген, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі (21,6%) саласында белгіленген.
Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медиандық мәні 142 291 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 169 792 теңгені құрады. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 5,8 құрады.
Қазақстан Республикасы бойынша негізгі кәсіптер мен лауазымдардың топтары бойынша қызметкерлердің жалақысы
теңге
2018 |
2019 |
2020 |
|
Басшылар және мемлекеттік қызметшілер |
322 115 |
332 440 |
354 462 |
Кәсіби мамандар |
168 387 |
168 737 |
214 758 |
Техник мамандар және басқа да кәсіби көмекші персонал |
121 748 |
131 323 |
165 218 |
Әкімшілендіру саласындағы қызметшілер |
132 051 |
143 343 |
163 952 |
Көрсетілетін қызметтер және сауда-саттық саласының қызметкерлері |
83 382 |
88 958 |
105 414 |
Фермерлер және ауыл мен орман шаруашылығының, балық шаруашылығының және балық аулау жұмысшылары |
76 366 |
95 163 |
110 576 |
Өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары |
134 379 |
154 665 |
164 963 |
Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылары және жүргізушілері |
144 946 |
160 020 |
195 694 |
Біліктілігі жоқ жұмысшылар |
61 173 |
73 541 |
83 719 |
Қазақстан Республикасы бойынша жұмыскерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша құрылымы
пайызбен
2018 |
2019 |
2020 |
|
Барлығы |
100% |
100% |
100% |
олардан жалақыны алғандар: |
|
|
|
45 000 теңгеге дейін |
11,0 |
3,4 |
1,8 |
45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін |
38,3 |
42,7 |
30,8 |
105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін |
33,5 |
35,6 |
39,2 |
210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін |
8,0 |
8,9 |
14,2 |
300 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін |
3,3 |
3,4 |
7,2 |
390 000 теңгеден жоғары |
5,9 |
6,0 |
6,8 |
Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 133 268 теңгені, жоғары біліммен – 247 015 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 472 654 теңгені құрады.Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16 жастан 24 жасқа дейінгі орташа айлық жалақысы 134 843 теңгені, 25 жастан 28 жасқа дейін 168 508 теңгені, 29 жастан 34 жасқа дейін 200 629 теңгені, 35 жастан 44 жасқа дейін 219 270 теңгені, 45 жастан 54 жасқа дейін 204 527 теңгені, 55 жастан 64 жасқа дейін 190 950 теңгені, 65-тен жоғары - 229 407 теңге құрады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда.
Медиандық жалақы – есептелген жалақы мөлшерібойынша қызметкерлер санын бөлу қатарының ортасында тұрған және оны тең екі бөлікке бөлетін – төмен және жоғары медиандық жалақымен жалақы мөлшері;
модальдік жалақы – есептелген жалақы мөлшері бойынша қызметкерлер санын бөлу қатарында жиі кездесетін жалақы өлшемі;
децильдік коэффициент дифференциациясы – қызметкерлердің жалақы деңгейінің бойынша коэффициенті, ол 10% қызметкерлердің орташа жалақысының ең жоғары 10% қызметкерлердің ең төмен жалақысымен ара қатынасын сипаттайды.