Саясат • 20 Қазан, 2020

Павлодар қаласының әкімі қанша айлық алатынын айтты

1212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласының әкімі қанша айлық алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар қаласының әкімі қанша айлық алатынын айтты

Қала әкімі Ержан Иманслям сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық акция аясында Facebook желісіндегі тікелей эфир кезінде жалақысын айтты.

"Бүгінгі таңда менің Павлодар қаласының әкімі ретіндегі жалақым − 484 мың 363 теңге", деді Е.Иманслям.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов 766 мың теңге жалақы алатын болса, ал Атырау облысының әкімі Қайрат Оразбаев табыс салығы мен зейнетақы аударымдарын қоспағанда қолына 380 мың теңге алатынын мәлімдеген еді.