Экология • 21 Қазан, 2020

Каспий теңізін қорғаудың өзекті мәселелері

3494 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Каспий теңізі күтімді, көңіл аударуды қажет етеді. Су айдынының тазалығы – жағалауындағы мемлекетттердің экономикалық қуатының тірегі әрі мәдениетінің көрсеткіші болмақ.

Каспий теңізін қорғаудың өзекті мәселелері

2003 жылы 4 қарашада Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында Каспий те­ңізі­нің айналасында өмір сүретін бес мемлекеттің өкілетті өкілдері Кас­пий теңізінің теңіз ортасын қор­ғау жөніндегі Негіздік (Тегеран) кон­венцияға қол қойды. Осы Негіздік (Тегеран) конвенциясы 2006 жылы 12 тамызда күшіне енді. Конвенция не­гізінде қоғамның назарын Каспий теңізінің нәзік қоршаған ортасын қорғау мәселесіне аудару мақсатында 12 тамызды «Каспий күні» деп жариялады. Осы шешім негізінде «Каспий күні» 2008 жылдан бастап барлық бес мемлекетте жыл сайын «Каспийді сақтайық!» деген тақырыппен өтіп келеді. Биыл «Каспий күні» қыркүйек және қазан айлары аралығында өтуде.

Шара теңіз жағалауындағы Ақ­тау қаласында да атаусыз қалған жоқ. Маң­ғыстау облысының әкімдігі Тегеран конвенциясының Хатшылығымен, Қазақ­стан Республикасының Эколо­гия, геология және табиғи ресурс­тар министрлігімен, сондай-ақ «Су баста­малары орталығы» Қоғамдық қоры­мен бірлесіп  «Zoom» платформасы арқылы «Каспий күні – 2020» мерекесі аясында «Каспий теңі­зінің ортасын қорғаудың өзекті мәсе­лелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйым­дастырды.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д.Құсбеков, ҚР Экология, геоло­гия және табиғи ресурстар министр­лігінің Халықаралық ынты­мақ­тастық департаменті директо­рының орынбасары Б.Керей, Қазақ­стандағы Теге­ран конвенциясымен өзара байланыс жөніндегі ұлттық қызметкер, Халық­аралық суды бағалау орталы­ғының директоры С.Ахметов, эко-амбассадор Ә.Қозыбақов, облыстық экология департаменті және өзге де мүдделі тараптар қатысқан басқосуда Каспий теңізінің теңіз ортасын қор­ғау бойынша Маңғыстау облысын­да өткізілетін шаралар, Каспий теңі­зі­нің қазақстандық секторында браконьерлікпен күресу жүргізу, Кас­пий аймағында теңіз қоқысымен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі мен оның жағалау аймағының экожүйесін қорғау жөніндегі өнер­­кәсіптік кәсіпорындармен қа­был­даған шаралар, «Итбалықты бірге қор­ғайық!» тақырыбындағы балалар су­реті байқауының қорытындысы және тағы басқа өзекті мәселелер айтылды.

Шараны Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында өткен дөңгелек үстел барысында эко-амбассадор Ә.Қозыбақов, Каспий итбалығын оңалту орталығының ветеринар дәрігері А.Простетова және Маңғыстау облысы суасты аң­шылар федерациясының өкілдері Ж.Меңдіғалин және Е.Хван ҚР Эко­логия, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімдігіне экология­лық ахуалды жақсарту бо­йынша өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

Олардың қатарында теңіз астын қоқыстан тазарту, бекіре балықтар, итбалықтар және тағы басқа теңіз жануарларына төнетін қауіптің алдын-алу, браконьерлікпен күрес, сенбі­ліктер өткізу, үгіт-насихат жұмыс­тарын жүргізу, тұрғындарды, әсіресе жастарды Каспий теңізін қорғау бағытындағы шараларға белсенді тарту мәселелері айтылды. 

«Каспий күні» аясында теңіз­дің мүддесі мен құқын қорғап ай­тыл­ған пікірлер мен ұсыныстар аза­маттардың теңіз тағдырына бейжай қарай алмай­тын­дығын аңғартты.

 

Маңғыстау облысы