Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Америка Құрама Штаттарында жүр. Вашингтонда Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы өзінің америкалық әріптесі – АҚШ Қорғаныс министрі Чарльз Хейгелмен кездесті.
Екіжақты кездесу кезінде Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен келешек дамуын талқылады.
– Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан мен АҚШ президенттері арасындағы жүйелі кездесулер, сондай-ақ, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша жалпы түсінушілік біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Америка Құрама Штаттарында жүр. Вашингтонда Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы өзінің америкалық әріптесі – АҚШ Қорғаныс министрі Чарльз Хейгелмен кездесті.
Екіжақты кездесу кезінде Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен келешек дамуын талқылады.
– Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін стратегиялық серіктес болып табылады. Қазақстан мен АҚШ президенттері арасындағы жүйелі кездесулер, сондай-ақ, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері бойынша жалпы түсінушілік біздің елдер арасындағы қарым-қатынастың тереңдей түсуіне ықпал етеді.
Ынтымақтастықтың маңызды аспектілерінің бірі – әскери саладағы өзара іс-қимыл, – деді Ә.Жақсыбеков.
Қазіргі кезде Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ынтымақтастығы ұзақ мерзімді сипат алған және бесжылдық жоспарлау негізінде жүргізіледі (Анықтама: 2013-2017 жылдарға арналған ынтымақтастықтың бес жылдық жоспарына 2012 жылы қараша айында Вашингтон қаласында қол қойылды). Қазақстан – Америка әскери ынтымақтастығы бітімгерлік пен әскери білім сияқты салаларда дамуда.
Тараптар Ауғанстан мен Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселелерін талқылады. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық бастамаларды қолдайды және белсенділік танытады, деді Ә.Жақсыбеков.
– Біздің елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Ауғанстанға экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетуде. Қазақстан қорғаныс ведомствосы Қазақстанның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі саясатының жүзеге асырылуына қатысады. Біз аймақтағы басқа да елдерге ықтимал қатерлерге қарсы тұру шеңберінде қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігінің артуына қолдау көрсетеміз, – деді Қазақстанның Қорғаныс министрі.
Өз кезегінде Ч.Хейгел Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосып отырған зор үлесін атап өтті. Ол, сондай-ақ, Америка тарапы Қазақстан Қарулы Күштерімен ынтымақтастықты кадрлар даярлау, бірлескен жаттығулар өткізу, сондай-ақ, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласында жалғастыруға мүдделі екенін айтты.
Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің дамуын белгілейтін үрдіс оның кәсібилендірілуі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша әскери ведомство құрамы мен құрылымы жағынан тең, кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алатын, жоғары жауынгерлік даярлығы бар заманауи армия құрып, кәсіби негізге көшуді аяқтау кезеңінде тұр.
– АҚШ Қарулы Күштерінің әскерді кәсібилендіруде жақсы тәжірибесі бар. Осыған байланысты бізге кадр саясатында, персоналдарды жинау әдісінде, бюжеттік жоспарлау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ерекшеліктерін зерделеуде тәжірибе алмасу қажет. Сөз жоқ, кез келген қайта ұйымдастыру кадрлық әлеуетке байланысты және біз үшін қазақстандық әскери қызметшілерді АҚШ-тың оқу орындарында оқыту маңызды. Біз америкалық және қазақстандық әскери оқу орындарының ынтымақтастығына мүдделіміз және әскери ғылым саласындағы өзара іс-қимылға дайынбыз, – деді Ә.Жақсыбеков.
Екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери-техникалық ынтымақтастық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі саласындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін де талқылады.
Өз кезегінде Қазақстан Қорғаныс министрі АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі мен қорғаныс-өнеркәсібі кешендерінің өкілдерін «KADEX-2014» халықаралық қару-жарақ және әскери мүлік көрмесіне қатысуға шақырды.
Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация General Atomic, Boeing Defense, OshKosh, Lockheed Martin, Sikorsky сияқты АҚШ қорғаныс-өнеркәсібі кешендеріне кіретін жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесті. Ә.Жақсыбеков олармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Содан кейін Ә.Жақсыбековтің қатысуымен АҚШ Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында дөңгелек үстел өтіп, Ауғанстаннан коалициялық күштер шығарылғаннан кейінгі болуы ықтимал оқиғалар сценарийі мәселелері талқыланды.
«Егемен-ақпарат».