Басылымның мәліметі бойынша, ол Гиннестің рекордтар кітабына рекордшы ретінде ену үшін екі рет жасыл алаңға шыққан. 74 жастағы футболшы өзінің алғашқы кездесуін наурыз айында өткізген. Тіпті пенальти орындап, қарсыластың қақпасын дәл көздеген. Кейіннен ол пандемия салдарынан екінші ойынын өткізу үшін жарты жыл күтуге мәжбүр болды.
«6 қазан» атты клубта өнер көрсететін Бахадер жуырда «Әл-Оят» командасымен өткен ойында алаңға шықты. «Мен мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Алдағы уақытта бәсекелестікті арттыру үшін жеке рекордымды тағы бір мәрте жаңалау ниетім бар», дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін жасы ең үлкен футболшының рекорды 73 жастағы израильдік Исаак Хайикке тиесілі еді.