Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Қарағандыдағы базар өртенді

969 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы "Арай" базарында алапат өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қарағандыдағы базар өртенді

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, 21 қазан, сағат 00:07-де Қарағандыдағы "Арай" базарында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт шыққан жерге дейін жету уақыты алты минутты құрады. Келген кезде базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқандығы анықталды. Өртті сөндіру нысанда электр қуаты жоқ болуымен, сондай-ақ өртті жақын маңдағы басқа контейнерлерге ауыстыру қаупіне байланысты қиындады. Іргелес контейнерлер ашылды. өрт сөндірушілер одан материалдық құндылықтарды құтқарды", деді ол.

Өртті сөндіруге 50 адам мен Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар техникасының 11 бірлігі жұмылдырылған. Қабылданған шаралармен өрт 01:23-те сөндірілді. 

Сондай-ақ, жанып жатқан контейнерлердің бірінен құтқарушылар көп мөлшерде ақша тапты, меншік құқығын орнатқаннан кейін ақша иесіне қайтарылған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.