16 Қараша, 2013

Бақылаушы мәртебесіне қол жеткізді

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) еліміздің Египеттегі елшісі Берік Арынның Африка Одағы Комиссиясының төрағасы Нкосазана Дламини Зума ханыммен кездесуі өтті. Оның барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың елші Б.Арынды Қазақстанның Афроодақтағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындау жөніндегі хаты табыс етілді.

Аддис-Абеба қаласында (Эфиопия) еліміздің Египеттегі елшісі Берік Арынның Африка Одағы Комиссиясының төрағасы Нкосазана Дламини Зума ханыммен кездесуі өтті. Оның барысында Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың елші Б.Арынды Қазақстанның Афроодақтағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындау жөніндегі хаты табыс етілді.

Сонымен қатар, Афроодақтың регламентіне сәйкес, елшінің тіркелуіне орай Қазақстан аталмыш беделді халықаралық ұйымда бақылаушы мәртебесіне қол жеткізді. Еліміздің тиісті өтінімі АО Комиссиясына үстіміздегі жылғы мамыр айында жолданған болатын.

Бүгінгі таңда Африка Одағы құрлықтағы 54 мемлекетті біріктіреді. Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл ұйым 1963 жылғы мамыр айында негізі қаланған Африка бірлігі ұйымының мұрагері болып саналады. Ол 2002 жылғы 9 шілдеден бастап Африка Одағы деп аталады.

70-тен астам мемлекет пен халықаралық ұйым Африка Одағында бақылаушы мәртебесіне ие. Олардың қатарында Ресей, АҚШ, Қытай және Жапония, сондай-ақ, Еуропалық Одақ, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Халықаралық Қызыл Крест комитеті және т.б. бар.

Биылғы жылы Африка Одағы өзінің құрылғанына 50 жыл толуын атап өтті. Аддис-Абебада мамыр айында «Панафриканизм және африкалық қайта өрлеу» айдарымен өткен ХХІ мерейтойлық саммитте басым міндеттер ретінде панафриканизм, колониализмнің қалған формаларына қарсы күрес және ұлттың өзін өзі тану құқығы, Еркін сауда құрлықтық аймақтарын құру арқылы Африка экономикалық қоғамдастығын дамытуды қарқындату, кедейші­лік­пен күрес, құрлықта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері белгіленді.

Бұл беделді аймақтық инс­титутта бақылаушы мәртебесін алу Қазақстанға Африка мемлекеттерімен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыс­тарды дамыту және еліміздің халықаралық аренада сыртқы сая­си бастамаларын ілгерілетуде географиясын кеңейту тұрғысында жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар