Қоғам • 21 Қазан, 2020

"Самұрық-Қазына" Қазақстан экономикасына салынатын инвестициялар үлесін ұлғайтады

348 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін онлайн форматта өткен Қазақстандық инвестициялық форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Самұрық-Қазына" Қазақстан экономикасына салынатын инвестициялар үлесін ұлғайтады

Іс-шараны "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ және Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестікте ұйымдастырды. Форумға "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Қордың портфельдік компанияларының басшылары, Ұлыбритания мен Қазақстан бизнес-қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Қор басшысы Ахметжан Есімов форумның онлайн-сессиясын аша отырып, пандемияның алғашқы толқыны кезінде алынған тәжірибе негізгі өндірістік көрсеткіштердің елеулі төмендеуіне, кәсіпорындардың тоқтап қалуына немесе өндірістік персоналдың қысқаруына жол бермей, сын - қатерлерге төтеп бергенін атап өтті.

Сонымен қатар корпоративтік басқарудың озық әдістерін енгізу, негізгі басқару шешімдерін қабылдау тәсілдерін жетілдіру БҰҰ-да жоғары бағаланады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада БҰҰ "Самұрық-Қазына" қорын тұрақты дамуды, тұрақты даму бастамалары мен ESG принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 20 озық қордың тізіміне қосты. Ағымдағы жылдың маусым айында S&Р Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Самұрық – Қазына" АҚ - ның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін "ВВ+/В" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты". Fitch Ratings агенттігі Қорға "BBB" деңгейінде рейтинг берді, болжам "Тұрақты/"F2".

"Самұрық-Қазына" сенімді бизнес-серіктес ретінде берік беделге ие. ҰӘҚ басшысы Ахметжан Есімов қазақстандық инвестициялық форумға қатысушыларға арнаған бүгінгі үндеуінде Қордың қазақстандық-британдық өзара әрекеттесу әлеуетін іске асыруға мүдделі екендігін атап өтті.

"Алдағы 5 жылда Қор Қазақстан Республикасындағы жаңа инвестициялардың үлесін таза активтер құнынан 2% -дан 10% -ға дейін, ал халықаралық, тікелей және портфельдік инвестициялардың жалпы үлесін 2028 жылға қарай 20% -ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр", - деді Ахметжан Есімов.

Әлемдік COVID 19 дағдарысына қарамастан, Қор қор құнды ұлғайту мүмкіндіктерін іздеуді жалғастыруда және өзгермелі әлем мен инвестициялық ортаға ашық болып қала береді. Тек соңғы бір жылдың ішінде Қор жалпы сомасы 600 миллион АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция қорлары арқылы Қазақстанға инвестицияларды тартуға қолдау көрсетті.

Сондай-ақ А.Есімов Қор жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыратынын айтты. Ағымдағы жылдың маусым айында Қор Лондон қор биржасында және "Астана" халықаралық қаржы орталығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ акцияларының және жаһандық депозитарлық қолхаттарының қосымша 6,27% орналастырды. Лондон қор биржасы арқылы тартылған инвесторлардың үлесі 43% құрады.

Сөз соңында А.Есімов британдық компанияларды келешегі бар салаларға инвестиция салуға шақырды. Өз кезегінде британдық іскери қауымдастықтың өкілдері ынтымақтастықты нығайтуға деген екі жақты ниеттерін растай отырып, Қормен қарым-қатынастың жақсы динамикасын атап өтті және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады.