Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Дәрігерлер өзін өзі емдеудің қауіпті екенін ескертеді

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн сұхбат барысында №12 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлері бөлімінің меңгерушісі Индира Қалқабаева өзін өзі емдеудің қаупі туралы баяндады.

Дәрігерлер өзін өзі емдеудің қауіпті екенін ескертеді

"Өзін өзі емдеуде жиі қолданылатын заттар - бұл денсаулыққа қатысты ауруларды емдейтін, үйде жиі кездесетін рецептісіз босатылатын дәрі-дәрмектер және диеталық қоспалар. Өзін-өзі емдеу - көбіне бәрімізге белгілі медицина жүйесінен тәуелсіз түрде емделу, сондай-ақ бастапқыда қалыптасқан немесе кәсіби медициналық емдеуден бас тарту құқығымен тығыз байланысты адам құқығы ретінде қарастырылады", - деп атап өтті И.Қалқабаева.

Дегенмен, дәрігердің айтуынша, ДДҰ тұлғасындағы ресми медицина өзін-өзі емдеу емханаға баруды алмастырмайтынын мойындайды. Бұл дәрігерге дейінгі көмек құралы.

"Бүгінгі күні өзін өзі емдеу қиын емес: өйткені интернет желісіне симптомдарды толық жазсаңыз, ауруыңыздың толық көрінісін, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді таңдау бойынша ұсыныстарды ала аласыз. Алайда, дәл осылай емдеуді жөн көретіндердің бәрі көптеген аурулардың бірдей белгілері бар екенін ұмытып кетеді. Бірақ сонымен бірге емдеу мен оны жүргізу мерзімдеріне мүлдем басқа көзқарасты қажет етеді. Адам білімнің жетіспеушілігінен ғана емес, диагностикалық құралдардың жетіспеушілігінен де нақты диагноз қоя алмайды",- деп атап өтті дәрігер.

Дәрігердің қабылдауында науқас өзінің шағымдары мен белгілері туралы айтып қана қоймайды, сонымен қатар тексеруден өтеді. Көбінесе дәрігерлер науқасты сыртқы тексерумен шектелмейді. Сонымен бірге, талдауға және тереңірек тексеру үшін томография немесе ультрадыбыстық тексеруге жіберіледі.