"Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус инфекциясының 250 жағдайы тіркелді, оның 105 – кезекші сыныптарда оқитын балаларда. Қашықтан оқитын балалар арасында 145 жағдай анықталды", деді ол.
Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова соңғы аптада еліміздің 12 аймағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті. Өткен аптамен салыстырғанда республика бойынша сырқаттану 1,2 есе өскенін айтты.