Кино • 21 Қазан, 2020

Кинотеатрларға қойылатын талаптар алгоритмі жарияланды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят алдағы 26 қазаннан бастап жұмысын бастайтын кинотеатрларға қандай талаптар қойылатынын ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кинотеатрларға қойылатын талаптар алгоритмі жарияланды

"Кинотеатрдың жұмысына "жасыл аймаққа" кіретін өңірлерде, эпидемиялық жағдайы тұрақты, ауру жағдайы жоқ аймақтарда ғана рұқсат беріледі. Кинотеатрларға барғанда коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында министрлік белгілі талаптар алгоритмін бекітті. Олар: кіру билетін мүмкіндігінше онлайн режимде сату, залдардың толуын 30 пайыздан асырмау, сонымен бірге отырғызу кезінде әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс. Сонымен қатар залдарды дезинфекциялау үшін кемінде 30 минуттық сессиялар арасында үзіліс сақталуы керек. Әлеуметтік арақашықтық пен маска режимі сақталуы тиіс. Нысан ашылғанға дейін дезинфекция құралдарын қолдана отырып, жалпы тазартып тұру керек. Кіреберістегі қызметкерлер келушілердің маска режимін сақтауының, дене қызуының өлшенуіне қамтамасыз етеді", деді Ажар Ғинаят.

Вице-министрдің айтуынша барлық кинотеатр жұмысын санитарлық дәрігерлер тексеріп, жекелеп рұқсат беретін болады. Егер барлық шаралар сақталса, олардың жұмыс жүргізуге рұқсат беріледі.