Қоғам • 21 Қазан, 2020

Қазақстандық монеталар "Монета шоқжұлдызы-2020" халықаралық байқауына қатысады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл "Монета шоқжұлдызы-2020" халықаралық байқауына 2019 жылы шығарылған 7 қазақстандық монета ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық монеталар "Монета шоқжұлдызы-2020" халықаралық байқауына қатысады

Биыл байқауға 2019 жылы шығарылған 7 қазақстандық монета - "Quraq kórpe", "ÚKI" (Бүркіт), "Á.Qasteev "Búrkitshi", "Тобыл ойшылы", "Qyz uzatý", "Еуразиялық экономикалық одақ", сондай-ақ номиналы латын графикасындағы 100 теңгелік циркуляциялық монета ұсынылды.

Барлығы әлемнің 17 елі өз монеталарын ұсынды. Халықаралық монеталар байқауы 2020 жылғы 15 қазанынан 15 желтоқсанына дейін онлайн режимінде өтеді. Барлық ниет білдірушілерді келесі сілтеме бойынша (https://gold10.ru/about/coin-constellation/competitive-coins-2020/?PAGEN_1=3) онлайн дауыс бере алады.