Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Денсаулық саласының өкілдері Санжар Асфендияровты еске алды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ елінің болашағы үшін күрескен біртуар тұлға, алаш қайраткері С.Ж.Асфендияровтың туғанына 131 жыл толуына орай, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша университетте еске алу іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара Жастар саясаты басқармасы, әскери кафедрасының ұйымдастыруымен ректорат ғимаратында орналасқан С.Ж.Асфендияровтың бюсті ескерткіші алдында  өтті.

Денсаулық саласының өкілдері Санжар Асфендияровты еске алды

Университеттің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, іс-шара ескерткіш алдына гүл себетін қоюдан басталды. Жиынға университет әкімшілігі, мектеп декандары, оқытушылар және университетте өткізілетін іс-шаралардың барлығына материалдық  жағынан қолдау көрсетіп, демеушілік көрсететін  ҚазҰМУ жергілікті жұмысшылар кәсіподағының қызметкерлері қатысты.  Жиында  Корпоративтік даму жөніндегі проректор У.М.Датхаев алғы сөз сөйлеп, жиынды ашып берді.  Проректор оқу-орнымызда   өткен күннің тарихына құрмет көрсетіп,  танымал тұлғаларды  еске алу іс-шараларының үнемі  дәстүрлі түрде өткізіліп отыратындығын және  тарихымызды сараптап отыру жастарға  тәрбие беруде,  ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда үлкен орын алатынын  айтып өтті. Университетіміздің тарихын жинақтауда  өзінің қызметкерлерімен бірге үлкен жұмыстар  атқарып жатқан мұражай  басшысы  А.С.Сапарова тарихшы-ғалымның  өміріндегі негізгі оқиғаларға қысқаша тоқталып өтті.  Сонымен қатар, тарихшылар атынан Қазақстан тарихы және  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ғ.Мәлік сөз сөйледі. Еліміздің жарқын болашағы үшін күрескен, өздерінің бар күш жігерлерін, өмірлерін сарп  сарп еткен азаматтарды, алаш зиялыларын еске алып,  құрмет көрсету,  ел үшін жасап кеткен  еңбектерін айтып отыру ұрпаққа үлгі.

 

АЛМАТЫ