Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Талапты елемегендер жауапқа тартылады

157 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаментінің 9 айдағы жұмысына арналған брифинг өтті.

Талапты елемегендер жауапқа тартылады

Брифингте департамент басты­ғының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшиддин Әмитов  БАҚ өкілдеріне жыл басынан бері тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36 пайызға төмендегенін айтып өтті.

Қоғамдық орындарда, көше­лер­де жасалатын қылмыстар да азайған. Топ болып қылмыс жасай­тындар көрсеткішінің де төмен­дегені байқалады. Қазір облыста «Учаске» жедел профилактикалық  іс-шарасы өтуде. Қыркүйектен желтоқсанға дейін созылатын ша­­ра­ның мақсаты – қылмыс пен құқықбұзушылықты бол­дыр­­мау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халықтың олар­ға деген сенімін арттыру болып отыр. 

Осы шара барысында, барлығы 75 мыңнан астам пәтер мен же­ке- меншік үйлер тексерілді. Нәти­жесінде, облыс орталығында 54 пәтердің жалға заңсыз беріліп жат­қандығы анықталып, құжаттар тиісті органға жолданды. Ішкі іс­тер органдарының есебінде тұр­­­ған 4 мыңнан аса тұрғын мекен­жайлары бойынша тексеріліп  про­­­­филактикалық жұмыстар жүр­гі­зіліпті.

Шамшиддин Егемберді­ұлы­ның айтуынша «Учаске» жедел профи­лак­ти­калық  шарасында заңсыз айна­лымнан 37 қару тәр­кіленіп, 7 мыңнан  астам әкімшілік құ­қықбұзушылық де­рек­тері анық­талған.

Браконьерлік пен биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау мақсатында 12 қазанда «Браконьер» шарасы басталды.

Алғашқы аптаның өзінде таби­ғат қорғау заңнамаларын бұз­ған  59 дерек белгілі болды. Оның біреуі қыл­мыстық, қалғаны әкім­шілік құ­қықбұзушылықтар.

Қалалық полиция басқармасы қол­ға алған «Қауіпсіз қала» шара­сы­ның да маңызы зор. Поли­цей­­­лер, қалалық әкімдік, про­ку­­ра­тура, тауарлар мен көрсеті­летін қызметтердің сапасы мен қауіп­сіздігін бақылау басқармасы өкіл­дері, волонтерлер бірлесе өткіз­ген рейдтің  2 күнінде  53 құ­қық- бұзушылық анықталды. Қоғамдық тәртіптің сақталуын қадаға­лай­тын рейд кезінде карантиндік шектеу­дің шегінен шығып кеткендер көп кездесіпті. 

– Той жасап, ас беріп, туған кү­нін  атап өтетіндер әлі де тыйылар емес. Бұл карантин талаптарына қай­шы екендігін біле тұра жұртты жи­нап кеш өткізетін заң алдында барлық адам бірдей екендігін түсінгені жөн. Жалпы, біздің де­пар­тамент қызметкерлері талапты бұзған 225 деректі анық­тады. Мо­бильді топ­тармен бірге аралауда тағы 334 дерек белгілі бол­­ды. Осыларға бай­ла­нысты жи­нақ­тал­ған құжаттар тиісті орын­­­дарға жол­данды, – дей­ді де­пар­­­тамент бастығының бірін­ші орын­­­басары. 

Өткен аптаның соңғы 2 күнінде 97 заңбұзушылық анықталса, соның 81-і тығылып той өткізгендер. Ка­ран­тин талаптарын елемегендер қа­та­рында компьютерлік клубтар мен дүкендер де бар. 

Облыс орталығында карантин талабы 143 мәрте бұзылыпты. Аудан­­дарда да ескертуді елемегендер көбейіп отыр.

 

Қызылорда