Теннисшілер үшін үш есе күшейтілген әлеуметтік қашықтық шаралары жасалды. Барлық қатысушылар мен турнир ұйымдастырушылары үнемі ПТР тестілеуден өтуі керек. Турнир көрерменсіз өтетініне қарамастан, теннис жанкүйерлері барлық матчтарды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге мүмкіндік алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, теннисшілердің көпшілігі Франциядан келеді: Бенуа Пир, Ричард Гаске, Адриан Маннарино және басқалар. Сондай-ақ Испания, Сербия, Австралия, Ұлыбритания, Португалия, АҚШ, Италия, Чехия, Молдова, Аргентина, Ресей, Босния және Герцеговина, Беларусь, Германия, Оңтүстік Африка, Финляндия, Жапония, Бельгия, Дания, Нидерланды теннисшілері Astana Open, Уругвай, Хорватия, Бразилия, Үндістан, Эквадор және Монако теннисшілері Astana Оpen корттарына шығады.
Турнирдің жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды.