Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кеңес мүшесі Айман Омарова адвокаттардың әлеуметтік қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Жүсіп Баласағұн айтқандай, "Әділ сөз ащы көрінеді". Кейбір сот адвокаттарды ақиқатты айтқаны үшін қысымға алатынына куә болдым. "Барлық азаматтардың қызметтік жайы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан заң алдында тең болуы керек" деген сөз әрбір қазақстандықтың санасында сайрап тұруы тиіс. Сонда ғана заңның үстемдігі өз биігінде қалады. Соттарда прокурордың, анда-санда келетін медиаторлардың бөлмесі бар. Ал сот ішінен шықпайтын адвокаттардың бөлмесі де жоқ", деді ол.
Сондай-ақ ол ауылда адвокаттардың жетіспейтінін, көпшілігінде материалдық жағдайы төмен екенін баса айтты.
"Адвокаттардың әлеуметтік қауіпсіздігі. Мұндағы айтпағым, әділдік жолында басын бәйгеге тігуге әзір жандар үшін қарапайым еңбекке жарамсыздық парағына қаражат қарастырылмайды. Табыс пен зейнетақы жарналарына 10 пайыз мөлшерінде қосарланған салық салынады. Қызығы сол, құқық қорғау, сот органдары үшін тегін жүзеге асырылатын заң көмегі ақпараттық жүйесіне адвокаттар айына 6 мың теңгенің үстінде қаражат жұмсауы керек. Неге олай?", деді Айман Омарова.
Белгілі адвокат халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
"Заң адам пайдасына жазылады. Адам заң үшін тумайды". Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның осынау өрелі ойы жылдар жылжыған сайын құндылығын арттырып келеді. Расында, әділ заң қоғам дамуының іргетасы. Мұндағы басты мәселе қараша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып тұр. Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен бірлесіп, "Адал көмек" жобасына жетекшілік етудемін. Осы жылдың ақпан айында басталған жоба аз уақытта көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұл тұрғыда азаматтық қоғам мемлекеттік органдарға көмек беруге әзір. Оған "Адал көмек" тұғырнамасын құру арқылы көзіміз жетіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша 2 млн 200 мыңнан астам азамат тікелей эфирді көріп, оның 26 мыңнан астамы жоба аясында құқықтық көмекті тегін алды", деді ол.
Айман Омарованың айтуынша, "Адал көмек" арқылы ел ішін кезіп жүріп, түрлі түйткілді мәселелермен бетпе-бет келген.
"Еліміздегі әскери зейнеткерлер өтемақысын ала алмай жүр. Сол секілді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың да тағдыры алаңдатарлық. Әлеуметтің әлеуетін көзбен көру нәтижесінде "Халық үні" жаңа жобасының идеясы туындады. Қазіргі уақытта жаңа жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен, "Алтын қыран" қорының төрағасы Исламбек Салжановпен серіктесіп жүзеге асырмақпыз", деді Айман Омарова.
Үкімет басшысы елордадағы жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандардың құрылысын тексерді
Үкімет • Бүгін, 14:51
Қазалыда Ғ.Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Шымкентте есірткіні пошта арқылы жолдаған азамат 5 жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:29
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Бүгін, 11:40
Юлия Путинцева Торонто турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Теннис • Бүгін, 11:24
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Бүгін, 10:42
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 10:10
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:33
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • Кеше
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • Кеше
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • Кеше
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • Кеше
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • Кеше
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • Кеше
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • Кеше
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • Кеше
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • Кеше
СҚО мектептерінде 600-ге жуық бос орын бар
Білім • Кеше
Қаржы • Кеше
Елордада 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады
Елорда • Кеше
Алматыда жалған нөмірмен жүрген 218 көлік анықталды
Қоғам • Кеше
Чехиялық инвестор Қазақстанда детонатор шығармақ ниетте
Қазақстан • Кеше
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Бірқатар өңірде жаңа мектептердің құрылысы кешігуде
Қазақстан • Кеше
Солтүстіккореялық кибертоп қазақстандық компанияларға шабуыл жасаған
Қазақстан • Кеше
Қытайдың Иу қаласында үш күндік карантин енгізілді
Коронавирус • Кеше
Қырғызстанда зорлық-зомбылық үшін жаза күшейді
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар