"Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды. Оның ішінде Атырау қаласының 10 тұрғыны бар. Ал екі науқас Қызылқоға мен Махамбет ауданынан тіркелді. Өңірдегі инфекциялық стационарда 53 науқас емделіп жатыр. Оның 28-і №2 облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 25 пациент Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда ем қабылдауда", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус индекциясынан үй жағдайында ем алған үш адам жазылып шықты. Қазір 125 науқас үй жағдайында емделуде.