Елорда • 22 Қазан, 2020

Бұрынғы әйелін капотқа отырғызып, көлікті қатты жүргізген астаналықтың әрекеті елді шошытты (видео)

1643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрынғы әйелін көлік капотына мінгестіріп "серуендеген" елорда тұрғынының әрекеті ел назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұрынғы әйелін капотқа отырғызып, көлікті қатты жүргізген астаналықтың әрекеті елді шошытты (видео)

"Отбасылық драма түн ортасында Гете көшесінің бойындағы вокзал алаңында өрбіді. Автокөлікте болған әңгіме кезінде ерлі-зайыптылар арасында жанжал пайда болған. Әйелдің сөзіне қарағанда ол көліктен шыққан, бірақ машинадағы құжаттарды ұмытып кеткен. Оны сезген күйеуі көліктің есігін ашпай қояды. Бұл кезде әйел автоөліктің капотына секіреді.Оған қарамастан жүргізуші жылдамдықты көтеріп, қозғалысын жалғастыра берген.

Өтіп бара жатқан жүргізушілер көліктің капотында тұрған әйелді көріп, құқық бұзушыны тоқтатпақ болған, бірақ ол жылдамдығын төмендетпей, өтіп бара жатқан көліктерді басып озыпты. Нәтижесінде куәгерлер көліктің жолын бөгеп тастаған", деп хабарлады полиция қызметкерлері.

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жүргізушіні және әйелді полиция бөліміне алып барды. Бұрынғы ерлі-зайыптылар процесстен кейін бір-біріне ешқандай талаптары болған жоқ. Әйел зардап шекпеген. Аталған факт бойынша KIA Cerato жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 1-бөлімі 593-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің басшылығы өз іс-әрекеттерімен жолдағы қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектескен қамқор жүргізушілерге алғыс білдіреді", делінген хабарламада.