Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Профилактикалық іс-шара кезінде пәтер тонаған күдіктілер ұсталды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында осы жылдың қазан айының 19-21 аралығында облыс көлемінде "Пәтер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Профилактикалық іс-шара кезінде пәтер тонаған күдіктілер ұсталды

Іс-шара барысында 7 пәтер ұрлығы ізі суымай ашылған. 19 қазан күні 38 жастағы аудан тұрғыны Шиелі АПБ-ның  кезекші бөліміне арыз түсіріп, онда белгісіз біреулердің жеке үйінің есігін кілтпен іріктеп ашып кіріп, "LG" маркалы теледидарын, компьютерін, дәнекерлеу аппаратын, автокөлік кілттерін және темір сейфтің құлпын ұрлап кеткенін хабарлаған. Полицейлердің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  сол ауданның екі тұрғыны ұсталды.

1

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат  түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы