Қоғам • 22 Қазан, 2020

Алматы облысында браконьерден 100 кг балық тәркіленді

1624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық аулаумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында браконьерден 100 кг балық тәркіленді

Еңбекшіқазақ ауданында “Браконьер” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында табиғатты қорғау полициясы инспекторы Қапшағай балық инспекциясының қызметкерлерімен бірге Сарыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол жыл бойы ұсақ тор көзді аудың көмегімен балық аулауға тыйым салынған Іле – Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан.

Тәртіп сақшылары күдіктіден 100 кг жыланбас балық, сазан, ақ амур, дөңмаңдай және көксерке сияқты балықтарды тәркіледі.

Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Алынған балық мемлекеттік қабылдау пунктіне тапсырылды.