Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.
1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген.
2012-2017 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында Премьер-Министрдің кеңесшісі болды.
2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды.