Ауа райы • 22 Қазан, 2020

Қазақстанның бірқатар облысында қар жауып, көктайғақ болады

904 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең бірқатар өңірлерде күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірқатар облысында қар жауып, көктайғақ болады

Алматы облысында жел күшейіп, жаңбыр жауады. Ақмола облысында дауыл тұрады деген болжам бар. Көкшетауда көктайғақ болса, ал Қызылорда өңіріне ызғар түседі. Шығыс Қазақстанда да тұман түсіп, көктайғақ қатады деп күтілуде. Өскемен мен Семейде қатты жел тұрады.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында көктайғақ пен дауыл болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.