"Қазан айында зейнеткер екі айлық зейнетақысын алып, ақшаны жастықтың астына жасырған. Немересі әжесінің ас үйге түскі ас дайындауға кеткен сәтін пайдаланып, жиналған ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен. 15 минуттан кейін ақшасының жоғалғанын байқаған әжесі полицияға қоңырау шалды. Екібастұз полицейлері 83 жастағы зейнеткердің 240 мың теңгесін ұрлаған адамды анықтады. Ұрлық жасаған оның 21 жастағы жұмыс істемейтін немересі болып шықты", дейді облыстық ПД баспасөз қызметінде. Әжесінің айтуынша, немересінің ақшасын ұрлап жүргенін білген, алайда ол сүйікті немересінің бұл қылығына кешіріммен қараған. Бірақ жұмыс істеуге құлықсыз жас жігіт спирттік ішімдік ішуді тоқтатпаған. Жас жігіт кінәсін мойындады. Ол барлық ақшаны киім сатып алуға, мейрамханаларда түскі ас пен кешкі асқа жұмсаған. Ұрлық фактісіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті ұсталып, полицияның кезекші бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше